Адам ұрық боп жатырға түскен сәтінен бастап қартая бастайды
Адам ұрық боп жатырға түскен сәтінен бастап қартая бастайды
4 жыл бұрын 3573 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Мәскеу мемлекеттік университетінің химиктері анықтағандай, адам ұрық боп жатырға түскен сәтінен бастап немесе одан сәл кейін қартая бастайды. Бұл жайында аталған жоғарғы оқу орнының баспасөз қызметі мәлім етті. Дәлірегі, ДНК-ның эпигенетикалық анализіне қарап, осындай тұжырымға келіп отыр. Белозер атындағы физикалық және химиялық биология ғылыми-зерттеу институтының қызметкері Элвира Кинзина осылай деп отыр. Адамның қартаю мерзіміне қатысты ғалымдардың пікірі бір арнада тоғыса бермейді. Классикалық көзқарас тұрғысынан алғанда кәрілік дегеніміз, ықтимал өлім қаупінің артуы. Ал ММУ қызметкерлерінің пайымдауынша, шарананың алғашқы жылында өлім қаупі жоғары болады. Содан кейін аталмыш қауіптің беті қайта бастайды. Бұл процесс шамамен он шақты жылғы созылады. Осыдан кейін өлім қаупі біртіндеп қайта арта бастайды. ММУ профессоры Вадим Гладышевтың сөзіне қарағанда, кәрілік – организмде түрлі зақымданулардың салдарынан болатын жекелеген жасушалар мен тіндердің, ағзалар мен жүйелердің істен шыға бастауы.

(Ықшамдалып алынды)

0 пікір
Мұрағат