Қан топтарының әрбіреуіне тән аурулар туралы деректің тағы бір парасы жарияланды
Қан топтарының әрбіреуіне тән аурулар туралы деректің тағы бір парасы жарияланды
3 жыл бұрын 6274 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Адам өзінің қан тобына байланысты ауру мен түрлі инфекция алдында осал келетін ағзаларына мұқият болғаны жөн. Таяуда бұл бағытта арнайы жүргізілген зерттеу нәтидесінде ғалымдар қан топтарының иммундық жүйе қызметінің сапасын анықтауға көмектесетініне көз жеткізіп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы belnovosti.by ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Белгілі болғандай, 1-ші қан тобындағылар өзге қан тобындағыларға қарағанда тромбыдан аз көз жұмады. Керісінше IV-ші қан тобындағылар дәл осы кесел алдына дәрменсіз болып шыққан. Есесіне I-ші қан тобынғадылар инсульттан көп зардап шегеді. ІV-ші қан тобындағылардың 80%-ы Альцгеймерден зардап шегеді. Сондай-ақ, осы қан тобындағылар жүрек-қан тамыр ауруларынан да жиі зардап шегеді. Ал II-ші қан тобындағылардың асқазаны осал келеді. 

Ұқсас материалдар:

«Қан тобы мен 49 аурудың арасында байланыс бары анықталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qan-toby-men-49-aurudyn-arasynda-bailanys-bary-anyqtaldy-15195/#gsc.tab=0);

«Қан тобы мен қатерлі ісік арасында да байланыс бар болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qan-toby-men-qaterli-isik-arasynda-da-bailanys-bar-bolyp-shyqty-14962/#gsc.tab=0);

«Қай қан тобындағылар ұзағырақ өмір сүреді?» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qai-qan-tobyndagylar-uzagyraq-omir-suredi-14884/#gsc.tab=0);

«Қай қан тобы инфекциядан жақсы қорғалған?» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qai-qan-toby-infektsiyadan-jaqsy-qorgalgan-14632/#gsc.tab=0 

0 пікір
Мұрағат