Қабырғаның арғы жағындасын сканерлейтін камераның жаңа түрі жасалды
Қабырғаның арғы жағындасын сканерлейтін камераның жаңа түрі жасалды
2 жыл бұрын 1649 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Кескін: Massachusetts Institute of Technology

Массачусет технологиялық институтының (MIT), Миннесота университетінің және Samsung сарапшылар тобы қабырғаларды сканерлей алатын бірегей жаңа камера түрін жұртшылық назарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өзгеше камера терагерц сәулесін бөлме температурасында және қысымда жоғары сезімталдықпен аулай алады. Мұндай сәулеленудің толқын ұзындығы микротолқындардың жиіліктері мен көрінетін жарық арасында болады, яғни, ол көптеген металл емес материалдарға өте алады. Сонымен қатар, камера әртүрлі нысандардың, заттар мен бұйымдардың, жиһаздардың беткі рельефін анықтай алады. Ғалымдар аталған құрылғыны кең ауқымды салалар үшін пайдалануды ұсынып отыр, мысалы, әуежай қауіпсіздігі, өнеркәсіптік сапаны бақылау, тіпті, астрофизикалық бақылаулар үшін қолдануға болады, өйткені, бұл жаңалықтың құны қолданыстағы терагерц камераларынан әлдеқайда төмен болады.

Ұқсас материал:

«Үй сыртында тыңшы бар: қабырғаның сыртынан үй ішінде не болып жатқанын білдіретін технология пайда болды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/ui-syrtynda-tynshy-bar-qabyrganyn-syrtynan-ui-ishinde-ne-bolyp-jatqanyn-bildiretin-tehnologiya-paida-boldy-17072/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат