|
Қабырғаға іліп қоюға болатын қалыңдығы қағаздай дыбыс күшейткіш құрылғысы жасалды (видео)
|
Массачусет технологиялық институтының инженерлері өте жұқа дыбыс колонкасын құрастырды – қалыңдығы қағаздай құрылғыны автокөлік пен ұшақ салондарына, т.б. түсқағаз орнына жабыстыруға болады. Жаппай шығарылатын болса, ол орамымен (рулон) шығаруға болады. Динамикті компьютерге немесе смартфонға жалғауға болады. Бұл жайында islam.kz порталы news.mit.edu ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.
- Динамик пластмассадан және пьезоэлектрлерден құрастырылған, олардың қабатында бір-бірінен тәуелсіз тербелетін, көтерілген микро күмбездер бар;
· Құрылғы аумағының бір шаршы сантиметрі тек 100 милливатт қуат тұтынады;
· Динамиктің дыбыс деңгейі – 1 килогерц жиілігімен 25 вольт электр кернеуінде 66 децибел болады. Яғни, өте аз қуат тұтыну кезінде динамик қалыпты сөйлесу сияқты естіледі;
· Егер жиілікті 10 килогерцке дейін арттырсаңыз, дыбыс деңгейі 86 децибелге дейін өседі - бұл шамамен қалалық трафик көлемінің деңгейіндей.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Үндістанның фармацевтикалық секторы жыл сайын науқастар емделмей жатып 5 миллиард доллар жоғалтады
■
Иран режимінің өміршеңдігінің құпиясы айтылды
■
Бір ел бар әр 5 минут сайын обырдан азаматы өмірден озатын
■
Цифрлы ДНҚ қайтыс болған адамның тұлғалық болмысын сақтауға көмектеседі (видео)
■
Ашық жасанды зерденің болашақты қалай өзгертетіні айтылды