Пластиктегі бір ғана химикаттың әсерінен бір ғана елде 100 мың адам өмірден ерте өтеді
Пластиктегі бір ғана химикаттың әсерінен бір ғана елде 100 мың адам өмірден ерте өтеді
3 жыл бұрын 1777 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар қауіпсіздік үшін тұтыну тауарларынан фталатты толықтай алып тастауға шақырып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Environmental Pollution мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Нью-Йорк университеті жанындағы Гроссман медицина мектебінің ғалымдары фталатты пластик өндірісінде пайдалануға тыйым салатын нормативті актіні дереу қабылдауды талап етуде. Ғалымдардың есебінше, АҚШ-тың өзінде жыл сайын аталған химиялық заттан 100 мың адам ерте қайтыс болып жатады. Фталаты — химиялық зат, пластмассаға жұмсақ әрі икемді болуы үшін қосады. Бұл химиялық зат түрлі тұтыну тауарларының өндірісінде 50 ылдан аса уақыт пайдаланылып келеді. Сондай тауарлардың арасында жеке бас тазалығына арналған әтір, сабын, шампун, одеколонда, дәрі-дәрмекте және тағам өнеркәсібіне арналған құралдарда кездеседі. Бұл тарапта жануарларға арнайы жүргізілген кең ауқымды зерттеу нәтижесі көрсеткендей, химиялық зат гормондардың қызметіне кері әсерін тигізеді. Жоғарыда айтып өткеніміздей, тұтыну тауарларының құрамында кездесетін фталаттың кері әсерінен жыл сайын бір ғана елде 100 мың адам жасына жетпей ажал құшады, ал одан келген экономикалық шығын – 40 млрд доллар. Әдетте компаниялар өз өнімдерінің құрамын құпия ұстайды коммерциялық құпия» үшін, мәселе, әтір өндірісін алайық, әтірдің қайталанбайтын хош иісі үшін өндіріс иесі оның құрамы туралы ақпаратты  бермеуге құқылы, дегенмен адам денсаулығы мен өміріне қауіпті заттың бары анықталса, ондай өндірісті тиісті құзырлы органдар тоқтатуға құқылы немесе санкция салуға.

0 пікір
Мұрағат