Оттегінің жетіспеушілігі ерте қартаюға бастайды
Оттегінің жетіспеушілігі ерте қартаюға бастайды
3 жыл бұрын 3266 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Америкалық және қытай ғалымдары қан түйіршіктеріндегі оттегінің шығуын бақылайтын ақуыздың жетіспеушілігінен адамның ерте қартаятынын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы бұл жаңалық турасында хабар таратқан EurekAlert ақпарат көзі мен аталмыш зерттеу материалы жарияланған PLOS Biology ғылыми мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта тышқандарға тәжірибе жүрзіліп, ADORA2B қан ақуызының азаюынан кеміргіштердің жадысы нашарлайтыны әрі есту қабілетінің төмендейтіні, сондай-ақ, мида қабыну процесінің пайда болатыны, қысқасы, ерте қартаятыны анықталды. Оның ішінде ADORA2B ақуыз рецепторы эритроцит мембранасының бір бөлігі болып табылады әрі қан құрамынан оттегінің шығуына көмектеседі. Адамның жасы ұлғайған сайын қан құрамындағы аталмыш ақуыздың мөлшері азая бермек. ADORA2B ақуызы оттегінің миға жетуіне дәнекер бола отырып, конгнитивтік функцияларды реттеуге атсалыса алады. Бұл бағыттағы тәжірибе барысында жас кеміргіштерде аталмыш ақуызды қолдан азайтып көреді, нәтижесінде олардың конгнитвиті функциялары әлсіреген.

0 пікір
Мұрағат