«Өте ақылды» киім әзірленді (видео)
«Өте ақылды» киім әзірленді (видео)
2 ай бұрын 711 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Сингапур техникалық университетінің ғалымдары  «ақылды» киімдерге арналған, мата жасауға болатын өте жұқа жартылай өткізгіш талшықтарды жасап шығарды. Бұл жайында islam.kz порталы phys.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, инженерлер өте ұзын, өте жұқа жартылай өткізгіш талшықтарды жасай алды, оларды мата секілді тоқуға және электронды киім жасауға болады. Мұндай заттар матаның қасиеттерінің арқасында ультракүлгіннен инфрақызылға дейін көрінетін жарықтың барлық диапазонын анықтай алады және 350 килогерцке дейінгі жиіліктегі сигналдарды  жібере алады. Сонымен қатар, жартылай өткізгіш талшықтар қарапайым түріне қарағанда 30 есе мықты келеді, ал олардан жасалған мата 10 рет жууға дейін тозбайды және өзінің қасиеттерін жоғалтпайды. Зерттеушілер өте ұзын, өте жұқа жартылай өткізгіш талшықтардан жасалған киімнің екі прототипін ұсынды - қалпақ пен көйлек. Көру қабілеті нашар адамдарға жолдан қауіптенбей өтуіне көмектеседі: олар бағдаршам сигналдарын қабылдайды және оларды смартфонына жібереді. Немесе ол сигналдарды қабылдап, құлаққаптарға жібере алады, мұндай заттарды экскурсия жетекшісінен ақпарат алу үшін мұражайлар мен көркем галереяларда пайдалануға болады. Мұндай мата дене белсенділігі (қимыл-қозғалыс) кезінде жүрек соғу жиілігін анықтайтын сенсор ретінде де әрекет ете алады. Жартылай өткізгіш талшықтарды жасаудың жаңа әдісін өндірісте де қолдануға болады.

0 пікір
Мұрағат