Өрмекші уы таяу болашақта жансыздандыратын дәріге айналуы мүмкін
Өрмекші уы таяу болашақта жансыздандыратын дәріге айналуы мүмкін
4 жыл бұрын 4110 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Тарантула өрмекшісінің уындағы зат жансыздандыратын, яғни, ауруды басатын дәрі-дәрмектің құрамына кіруі мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы шетелдік мерзімді басылымдарға сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған бунақаяқты жәндіктің өз жемтігінің электрлік сигналын қалай ажыратынын білу арқылы созылмалы аурудан зардап шегетін науқастардың өмірін жеңілдетуге септігін тигізетін дәрі жасауға болады. Табиғи ингредиенттер химиялық дәрі-дәрмектен әрдайым артық тұрады – тіпті, аса қауіпті шаянның уы болса да. Өйткені, табиғи. Вашингтон университетінің ғалымдары өрмекші уының торға түскен жемтігінің жүйке жасушасындағы электр разрядына қалай әсер ететініне назар аударған болатын. Бұл бағытта арнайы зерттеу жүргізген ғалымдар мүмкіндігі жоғары криоэлектрлі микроскопияның көмегіне жүгініп, электр тогы генерацияланатын натрилік арналардың шағын аймақтарына удың қалай әсер ететінін зерделеген еді. Аталмыш аймақтар жүйке мен бұлшық етті басқаратын сигналдарды жөнелтеді, алайда, у оларды бұғаттап тастайды. Аталған зерттеуге атсалысқан Уильям Кэттеролдың сөзіне қарағанда, өрмекші жемтігі ұшып кетпей тұрғанда оны сал қылып үлгереді. Яғни, қимылдау қабілетінен айырады. Ғалымдар бұл тетікті зерделей келе өрмекші өрмекші уын шектейтін адамның натрилік арнасының аймағын көрсететін модел жасады. Сонымен қатар, олар тарантула өрмекшісінің жемтігіне шабуыл жасаған сәтіндегі уының молекулярлық конфигурациясын зерделеген болатын. Осылайша уының жансыздандырушы, яғни, бұғаттаушы тетігін табуды мақсат етіп отыр. Бұл процесті зерделеу арқылы жұлын мен миға периферилік жүйке жүйесінен ауру туралы ақпаратты беруде маңызды рөл ойнайтын Nav.17 секілді жансыздандырушы дәрінің жаңа түрін жасау тәсілін табуға болады.

Оқи отырыңыздар: «Шаянның уы бірнеше ауруға ем» (сілтемесі:  https://islam.kz/kk/news/gylym/shayannyn-uy-birneshe-auruga-em-13103/#gsc.tab=0)

«Араның уы ең қатерлі ісіктің бетін қайтаратын болып шықты» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/aranyn-uy-en-qaterli-isiktin-betin-qaitaratyn-bolyp-shyqty-14083/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат