|
«Өрмекші» экскаватор құрастырылды (фото+видео)
|
Өзгеше экскаватор құрастырылды. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Біріктіруші (жалғау, қосу) топсалары мен тартылатын тіректердің, тұрақтандырғыштардың және еңкейткіш дөңгелектердің арқасында мұндай механизмдер керемет кең мүмкіндіктерге ие. Мұндай механизмнің алғашқы үлгісі өткен ғасырдың алпысыншы жылдары жасалған еді. Бұл бағытта конструкциялық идеялар 70-ші жылдары өркен жайды, осы мерзімде телескопиялық гидравликалық цилиндр пайда болған еді. Заманауи адымдаушы экскаваторлар дәстүрлі жер қазатын машиналарға қарағанда үлкен қуатқа ие. Дегенмен, конструкциясының күрделі болуына және техникалық қызмет көрсету шығындарының жоғары болуына байланысты кеңінен қолданылмайды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Еуропа елі діни виза алғысы келетін имамдар мен пасторларға, раввиндерге 7 шартты қамтитын ереже қабылдады
■
Үш жылдан соң жаһандық ислам қаржы индустриясының активтері 10 трлн доллардан асады
■
Қасиетті қалада индонезиялықтардың өз ауылы болады
■
Химиктер айна өмірді табудың алғашқы әдісін ұсынды
■
Әлемде алғашқы электр қуатынсыз және адам көмегінсіз жұмыс істейтін ДНҚ-компьютер пайда болды