Мұсылман әйел «жыл үздігі» сыйлығына ие болды
Мұсылман әйел «жыл үздігі» сыйлығына ие болды
3 жыл бұрын 2831 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Кремнияға қатысты инновациялық зерттеуі үшін беделді Physics World 2020 Breakthrough of the Year марапатына ие болған  Нидерландыдағы Эйндховен технологиялық университетінің бір топ ғалымның арасынан мұсылман әйелдің де есімін кездестіресіз. Бұл жайында islam.kz порталы islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, аталған сыйлыққа қолданбалы физика кафедрасының докторы Елһам Фадалимен қатар Ален Дейкстрой және Эрик Баккерсом ие болды. Олар аталмыш зерттеуде Германиядағы Фридрих Шиллер атындағы Йен университетінің ғалымы Йенс Ренемен, сондай-ақ, халықаралық командамен ынтымақтастық орнатқан болатын. Кремния негізінде алынған жаңа материал оптикалық телекоммуникацияда және есептеуіште, сондай-ақ, химиялық датчиктерді жасауда пайдаланылады. «Телекоммуникация толқынының ұзындығында жарық шығаратын кремнийге негізделген материал жасау арқылы Беккер командасы кремний қосымшаларының жаңа әлеміне есік ашты», - деді Physics World мерзімді басылымының редакторы әрі әділқазылар алқасының мүшесі Хэмиш Джонстон.

Physics WorldҰлыбританиядағы белгілі физика институтының басылымы. Аталмыш басылым жыл сайын физика саласындағы жаңалықтарға «Жыл үздігі» сыйлығын тағайындайды.

0 пікір
Мұрағат