MIT дрондар желісін басқару үшін «деректер ағынының реттегішін» әзірледі (видео)
MIT дрондар желісін басқару үшін «деректер ағынының реттегішін» әзірледі (видео)
2 жыл бұрын 884 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Алгоритм нақты уақыт режимінде бірнеше көздерден ең өзекті (яғни, ең қажетті) деректерді анықтайды. Бұл туралы islam.kz порталы өз кезегінде Массачусет технологиялық институтының баспасөз қызметіне жөн сілтеген hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Инженерлер WiSwarm деректерді өңдеу алгоритмін әзірледі. Оны кез келген сымсыз желіде бірнеше көздерден алынған уақыт бойынша маңызды деректердің үлкен көлемін өңдеу үшін конфигурациялауға болады. Деректерді жаңартып отыру арқылы жүйе роботтар немесе дрондар желісін басқарады және оларға ғимараттарды тексеруге немесе апат аймақтарын зерттеуге көмектеседі. WiSwarm орталықтандырылған компьютерде жұмыс істейді және бірнеше деректер ағындарын басқару және ең соңғы деректерге басымдық беру үшін кез келген сымсыз желіге қосылады. Әр көзден (робот немесе дрон) деректер пакеттерін уақыттың әр нүктесінен дәйекті түрде алуға тырысудың орнына, алгоритм желідегі қай көзден деректерді келесі түрде жіберу керектігін анықтайды. Жүйе процессорға сымсыз желі арқылы соңғы деректерді жіберу үшін «соңғы кірген, бірінші шыққан» принципін пайдаланады. Алгоритм үш параметрді бағалау арқылы деректерді келесі көзден жіберу керектігін анықтайды: дерек көздің басымдылығы (мәселен, жылдам жүретін көлікті бақылайтын дронның ақпараты баяу жүретін көліктен кейінгіге қарағанда жиі берілуі керек), дронның жаңартылған ақпаратты жібергеніне қанша уақыт өткеніне назар аударады және деректерді сәтті тасымалдау ықтималдығы. Табиғи апаттар кезінде ақпаратты жылдам алу көбінесе аман қалғандарды табу және құтқару жұмыстарын бастау үшін өте маңызды. Алайда, бірнеше робот маңызды ақпараттарды бір мезгілде сымсыз жібергенде, «деректер кептелісі» пайда болуы мүмкін. Нақты уақыт аралығында алынған кез келген ақпаратты пайдалы мәлімет ретінде қарастыруда ақпараттың тез ескіретінін ескеру керек. Жаңа технология кәдімгі Wi-Fi маршрутизаторын орнатуға жарамды. Бқл тараптағы бірқатар тәжірибе барысында инженерлер бейімделген желінің трафикті тиімді жолмен басқарушы ретінде әрекет ете алатынын көрсетті, ол бірнеше дрон бірге жұмыс істей алатындай ең соңғы деректерді басымдықпен белгілеп, жөнелте алады.

0 пікір
Мұрағат