Ауадан электр өндірудің жолы табылды
Ауадан электр өндірудің жолы табылды
1 жыл бұрын 1032 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар ауадан электр тогын шығаратын зат тапты. Аталмыш жаңалық қайта зарядтауды қажет етпейтін гаджеттерді жасауға мүмкіндік береді. Бұл жайында islam.kz порталы phys.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Австралиядағы Мельбурн қаласында орын тепкен Монаш университетінің биологтары сутегі газын электр энергиясына айналдыратын Huc ферментін тапты. Бұл зат сутегінің аз мөлшерін пайдалана отырып, жеткілікті энергия шығарады. Оқырманға тереңірек түсінікті болуы үшін ферментің не екенін айта кетпекпіз: фермент — тірі жасуша істеп шығаратын әрі организмде зат алмасу процесін реттейтін органикалық зат.  Мәселен, адамның асқазанында тағамды ыдыратуға жауап беретін пепсин ферменті бар. Ғалымдар Mycobacterium Smegmatis бактериясынан Huc ферментін тапты. Бұл зат сутекті, тіпті, атмосфераның астыңғы деңгейінде де тұтынады - Huc электр энергиясын өндіру үшін адам дем алатын ауаның 0,00005%-ы жетеді. Сарапшылар Huc ферментінің тұрақты және тиімді екенін, яғни, оны әрі қарай пайдалану үшін бөлек сақтауға болатынын атап өтеді. Аталған затты 80 ° C-қа дейін қыздыруға және толық мұздатуға болады, яғни, осынша деңгейдегі сыртқы қысым мен әсерден қасиетін жоғалтпайды. Ғалымдар Huc ферментінің кең ауқымды өндірісін құру қажет деп санайды, осылайша кейінірек осы заттың негізінде шағын электр генераторларын шығаруға болады. Оларды трекерлер немесе смарт сағаттар сияқты ықшам гаджеттерде қолдануға болады. Huc ферментінің генераторы ауадан электр энергиясын өндіре алады, бұл құрылғыларды қайта зарядтау қажеттілігін жояды. Сондай-ақ, ғалымдар Huc ферменті күн панелдері мен «таза» электр энергиясының басқа көздерін алмастырады алады, деп санайды.

Ұқсас материал:

«Ауадан отын өндіретін құрылғы пайда болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/auadan-otyn-ondiretin-qurylgy-paida-boldy-17367/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат