Тігінен ұшып-қонатын әуе таксиі бір зарядпен ұшу рекордын жаңартты (видео)
Тігінен ұшып-қонатын әуе таксиі бір зарядпен ұшу рекордын жаңартты (видео)
1 жыл бұрын 889 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Autoflight компаниясы жаңа рекордты жариялады: 4-ші буынға жататын Prosperity I әуе таксиінің прототипі электрмен тігінен ұшып көтерілетін және қонатын (eVTOL) ұшағы ең ұзағырақ қашықтыққа ұшты. Құрылғы бір рет зарядтағанда 250,64 шақырымды артақ тастаған. Бұл көрсеткіш Joby Aviation 2021 жылы орнатқан алдыңғы рекордтан (249 км) сәл артық. Бұл жайында islam.kz порталы moveelectric.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Рекордтық қашықтыққа ұшу машинаны жерден қашықтықтан басқарудың көмегімен жүзеге асырылды. Бағындырылған қашықтық eVTOL авионикасының көрсеткіштерімен де, үшінші тарап тәуелсіз сенсорларымен де расталды. Бұл жолы eVTOL сертификаты үшін сынақтан өткізілген әуе таксиінің нарыққа 2025 жылдың басында шығарылатыны айтылған. Бұл электр ұшағы сағатына 200 шақырым жылдамдыққа ие және аталған компанияның мәліметінше, сынақтар кезінде жалпы мың шақырымнан асатн қашықтыққа ұшқан. Prosperity I - қытайдың AutoFlight компаниясының өнімі, дегенмен, өндірістің маңызды бөлігі Германияда шоғырланған.

0 пікір
Мұрағат