Ми тамырымен жылжитын микроробот жасалды
Ми тамырымен жылжитын микроробот жасалды
5 ай бұрын 925 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Швейцариялық инженерлер ультрадыбысты қолдану арқылы мидың кішкентай күрделі қан тамырларын шарлай алатын көпіршікті микроробот жасады. Құрылғылар тышқандарда сыналған және болашақта ми ісігі мен инсультті емдеуде дәрі-дәрмекті дәл жеткізу үшін қолданылуы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы Nature Communications мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Микророботтар диаметрі 1,1-1,4 мкм липидтермен қапталған, газ толтырылған микрокөпіршіктер түрінде болады. Көпіршіктер ультрадыбыстық бейнелеуде қолданылатын флуоресцентті контраст агентінен жасалған. Ал липидті мембрана жасуша қабықшасын түзетін заттан тұрады. Екі компонент те уақыт өте келе денеде ериді. Ғалымдар кеміргіштердің ми тамырларына микрокөпіршіктерді енгізіп, олардың тышқан қанында айналуына мүмкіндік берді. Микроскопияның көмегімен зерттеушілер нақты уақыт режимінде боттың қозғалысын бақылап, тышқан басының сыртына бекітілген ультрадыбысты шығаратын төрт сенсор құрылғыларды басқарды. Акустикалық толқындарға әрекет ете отырып, роботтар өз бетінше топтарға жиналып, мидың қан тамырлары арқылы қозғалды. Боттар сағатына 1,5 мкм жылдамдықпен, қан ағымына қарсы сағатына 10 мкм жылдамдықпен  қозғалған. Бұл бағыттағы тәжірибеден кейін ми тінін талдай отырып, зерттеушілер микророботтардың қан тамырларының шырышты қабығына және нейрондар зақым келтірмейтінін анықтады.

Микроскоп астындағы тышқан миының қан тамырларындағы көпіршікті микророботтар (оң жақта) және роботтарды басқару жүйесінің диаграммасы (сол жақта). Кескін: Alexia Del Campo Fonseca et al., Nature Communications

0 пікір
Мұрағат