Бірер жылдан соң Саудияда қосымша 1 млн жұмыс орны ашылады
Бірер жылдан соң Саудияда қосымша 1 млн жұмыс орны ашылады
5 ай бұрын 724 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

2030 жылға дейін немесе осы мерзімге таман туристерге қызмет көрсету саласында бір млн жұмыс орны ашылады. Соның ішінде 250 мың жұмыс орны ел астанасында өтетін «ЭКСПО-2030» бүкіл әлемдік көрмесіне байланысты ашылады. Бұл жайында islam.kz порталы Arabian Business ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сауд Арабиясының туризм министрі Ахмет әл-Хатыб елдің туризм индустриясының 2019 жылы жалпы ішкі өнімінің 3 пайызынан 2030 жылы 10 пайызға дейін өсетінін айта келе бұл жайттың қосымша миллион жұмыс орнын ашу қажеттілігін тудыратынын мәлімдеді. Сауд Арабиясы 2030 жылы дүниежүзілік ЭКСПО көрмесінде 120 миллион қонақты қабылдауды жоспарлап отырғанын бұған дейін хабарлаған болатын және осы мақсатта, яғни, дайындық жұмыстарына 7,8 миллиард доллар бөлген. Бұл ретте меймандар әуежайдан көрме қалашығына небәрі 5 минутта жетеді. EXPO 2030 көрмесі 2030 жылдың қазан айының 1-нен 2031 жылдың наурызының 31-і аралығында өтеді. Экспо қалашығын корол Салман атындағы халықаралық әуежайының жанынан салу жоспарлануда. Ол бір-біріне жақын орналасқан 226 ел павильондарынан тұрады. Көрме аумағы күн энергиясынан қуат алады. Ұйымдастырушылар биологиялық әралуандылықты арттыру, азық-түлік қалдықтарын азайту және жасыл экономиканы (қоршаған ортаға зиянсыз) басқару және қайта өңдеу тәжірибесін енгізу стратегияларымен белсенді жұмыс істеуде.

0 пікір
Мұрағат