Ми жасушаларын жоятын ішек бактериясы табылды
Ми жасушаларын жоятын ішек бактериясы табылды
2 жыл бұрын 1353 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Луисвил және Техас университетінің ғалымдары ми жасушаларының жойылуына және когнитивті қабілеттің төмендеуіне ықпал ететін ішек бактериялары бар екенін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл арада Ruminococcaceae ішек бактерияларының тоббына жататын ІАА метаболтиті тірасында сөз болып отыр. Ол жүйке жасушаларының жойылуына ықпал етеді, бұл жайт өз кезегінде конгнитивті қабілеттің төмендеуіне алып келеді. Бұл тарапта ғалымдар метаболиттің мии қызметіне қалай әсер ететінін түсіну үшін арнайы тәжірибе жүргізіп көрген екен. Ғалымдар кәрі тышқанның организіміне үңіле отырып, жас ұлғайған сайын Ruminococcaceae бактериясы мен ІАА метаболитінің мөлшері көбейетінін анықтады. Метаболиттің өзі S100A8 генінің промоторлық аймағымен байланысады, содан кейін ген экспрессияланады, содан соң апоптотикалық денелер түзіліп, жүйке жасушалары жойылады. Миға IAA метаболитінің тап болуының салдары қандай болатынын білу үшін ғалымдар жас әрі дені сау кеміргіштерге осы метаболиті бар препаратты ауыз қуысы арқылы енгізіп, реакциясын бақылады. Нәтижесінде ІАА метаболитінің әсерінен кеміргіштердің конгнитивті қабілеті төмендеп кеткен: шытырманнан жол табу әрі нысандарды тану, ажырату қабілеті жоғалған.

0 пікір
Мұрағат