Ми имплантының негізгі зияны айтылды
Ми имплантының негізгі зияны айтылды
4 ай бұрын 1106 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Emmanuel Foudrot / Reuters

Ирландиядағы Голуей университетінің ғалымдары қоршаған, яғни, маңындағы нейрондарға зақым келтіретін және уақыт өте келе олармен бірге жұмысын тоқтататын ми импланттарының негізгі кемшілігін ашты. Бұл жайында islam.kz порталы зерттеу нәтижесі жарияланған Advanced Science мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді.  Нейробиологтар ми жасушаларының адамның тыныс алғанында пайда болатын немесе жүрек қағысы секілді болар-болмас организмнің күнделікті тыныс-тіршілігімен байланысты қозғалысына аса сезімтал келетінін алға тартып отыр. Ми – жұмсақ тннен тұратын ағза, оған металдан немесе пластиктен жасалған құрылғыны орнатса, организмнің болар-болмас қимылы мен қозғалысының өзінен үйкеліске ұшырап, имплант айналасындағы жүйке талшықтарының қабынуына әкеледі әрі жасушалардың жойылуына және тыртықтың пайда болуына ықпал етеді. Өздерін қорғау үшін ми жасушалары бөтен денемен тікелей байланыста болмайтын сұйықтық толтырылған қуық немесе кеуек қалыптастырады. Бұл көпіршік нейрондарды зақымданудан қорғағанымен, құрылғының дұрыс жұмыс істеуіне жол бермейді. Зерттеушілер салдары ауыр мұндай олқылықты, дәлірегі, тіндердің зақымдануын болдырмайтын және имплантацияланған электр құрылғыларының қызмет ету мерзімін және ұзақ мерзімді қызметін арттыратын ықтимал тәсілдерді зерттеді. Мысалы, ми имплантаттарын үйкелісті азайтатын жұмсақ гелмен қаптауға болады.

0 пікір
Мұрағат