Медициналық жетістік: үсік шалған адамды емдеуге арналған инновациялық дәріні алғаш рет қолдануға рұқсат берілді
Медициналық жетістік: үсік шалған адамды емдеуге арналған инновациялық дәріні алғаш рет қолдануға рұқсат берілді
2 ай бұрын 439 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Америка құрама штаттарының Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын қадағалау жөніндегі басқармасы (FDA) үсік шалудың ауыр түрлерін емдеуге арналған алғашқы дәріні қолдануға ресми рұқсат берді. Бұл маңызды жаңалық осы үсік шалған адамдардың жансызданып қалған аяқ-қолын кесіп тастау қатерінен сақтайды. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Құрамында илопрост бар Aurlumyn дәрісі зақымдалған дене бөлігінде қан айналымын қалпына келтіруде тиімділігін көрсеткен, осылайша үсік шалып жансызданған аяқ-қолдың тіні мен терісін қалпына келтіріп, шіруден сақтайды әрі емдейді. Дегенмен, кез-келген дәрі-дәрмек секілді аталмыш дәрілік заттың да бас ауруы, жүрек айну және гипотензия сияқты кері әсерлері болғандықтан бұл қауіптерді препаратты тағайындау кезінде ескеру керек және пациенттің жағдайын мұқият бақылау керек.

0 пікір
Мұрағат