Америкалық иммунолог ғалым Джеймс Эллисон мен Жапония ғалымы Тасуко Хонджо Нобель сыйлығының медицина және физиология саласы бойынша лауреаты атанды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
|
Медицина және физиология саласы бойынша Нобель сыйлығының иегерлері анықталды
|
Олар қатерлі ісіктен иммунды терапия арқылы емдеу тәсілін жасап шығарған.
Эллисон қатерлі ісік жасушаларымен тиімді күресу үшін иммундық жүйенің жұмысын баяулатуға көмектесетін ақуызды зерттеумен айналысты. Ғалымдар сонымен қатар меланомадан және қатерлі ісіктің басқа түрлерін емдеудің жаңа тәсілін бірігіп жасады.
Қос ғалымға сыйлықтың 9 миллион швед кронына тең (1 миллион доллар) ақшалай жүлдесі беріледі.
Нобель комитеті осы аптада сыйлықтың физика және химия саласы бойынша лауреаттарын жариялайды. Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы 5 қазанда беріледі. 8 қазанда сыйлықтың экономика саласындағы лауреаты жарияланады. Биыл әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығы берілмейді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Саудия жұмыс істеуге рұқсат беру ережесін өзгерте отырып, бизнес пен шетелдік жұмысшыларға жаңа визалық шектеулер енгізеді
■
Жасанды зердемен жабдықталған бақылау камерасынан қорғайтын түрлі түсті көйлек тігілді
■
Ислам тарихының цифрлы атласы жасалды
■
Мұсылман елі шетелдік студенттерден жылына 5 млрд доллар пайда көріп отыр
■
Қытай технологияның дамуына байланысты көмірдің экономикалық құндылығын 700%-ға көтерді