Масадан құтылатын күн алыс емес – арнайы құрылғы (видео)
Масадан құтылатын күн алыс емес – арнайы құрылғы (видео)
3 жыл бұрын 1630 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Qista француз компаниясының құрылтайшыларының бірі Пьер Беллагамби  масаларды үркітуге арналған химикатты қажет етпейтін, сол арқылы адам мен өзге де тіршілік иелеріне зияны жоқ, маза бермейтін масадан құтқаратын арнайы құрылғы ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы leparisien ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш құрылғы адам тынысын имитациялай (сала) отырып шағатын ұрғашы масаларды аулайды. «CO₂-і, яғни, көмірқышқыл газы мен түрлі қышқылды белгілі бір ырғақпен адам тынысын имитациялайтын терминал шаққаннан кейін әр 48 сағат сайын 200-ге дейін жұмыртқалайтын ұрғашы масаларды тартады. Шаңсорғыш секілді жасанды тыныс арқылы масалар тұзаққа түседі»,- деп аталған құрылғының қалай жұмыс істейтінін түсіндіріп берді Qista-ның тағы бір құрылтайшысы Арлезьен есімді 37 жастағы жігіт. Терминалдың тиімділігі – қарапайым масалар үшін 60 метрге, ал агрессивті масалар үшін 30 метрге шақталған. Бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, масаның шағу саны терминал жұмыс істеп тұрғында 88%-ға төмендеген. Бұл терминалдың артықшылығы сонда, ол химиялық өңдеудің баламасы бола алады. Ол тек масаларға ғана ықпал ете алады, өзге жәндіктерге қауіпсіз. Өздерінің бұл құрылғысын патенттеген өнертапқыштар көп ұзамай америкалық нарыққа шығуға қамданып жатыр. Аппараттың өзі қуаттау құрылғысымен бірге 1000 еуро тұрады. Бұл аппарат қазірдің өзінде Марсел мен өзге де француз қалаларының көшелеріне, мектептер аумағына, қоғамдық саябақтарға қойылған.

Ұқсас материалдар:

«Бір тамшы масадан 50 есе ауыр. Маса жауын кезінде жаңбыр тамшыларына қалай төтеп береді» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/bir-tamshy-masadan-50-ese-auyr-masa-jauyn-kezinde-janbyr-tamshylaryna-qalai-totep-beredi-bayaulatylgan-video-12607/#gsc.tab=0);

«Басталды: генетикалық тұрғыдан модификацияланған 750 млн маса қоршаған ортаға жіберіледі» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/bastaldy-genetikalyq-turgydan-modifikatsiyalangan-750-mln-masa-qorshagan-ortaga-jiberiledi-14023/#gsc.tab=0);

«Масаға қатысты аса маңызды жаңалық ашылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/masaga-qatysty-asa-manyzdy-janalyq-ashyldy-14276/#gsc.tab=0);

«Масаны жоятын лазерлік аппарат жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/masany-joyatyn-lazerlik-apparat-jasaldy-video-13004/#gsc.tab=0);

«Вирустың жұғуынан құтқаратын ген табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/virustyn-juguynan-qutqaratyn-gen-tabyldy-14533/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат