Лейкоциттерді микророботқа айналдырудың жолы табылды
Лейкоциттерді микророботқа айналдырудың жолы табылды
2 жыл бұрын 1421 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Америкалық ғалымдар қан жасушаларынан организмнің ауырған жеріне немесе дерт меңдеген тұсына дәрі жеткізетін микроробот жасады. Бұл микроробот ауырсынуды әрі иммундық реакцияны тудырмайды. Бұл жайында islam.kz порталы eurekalert.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәрілік микророботтар дәрігерлерге ауруларды емдеуге және алдын алуға көмектеседі. Алайда, бұл құрылғылардың көпшілігі иммундық реакцияларды тудыратын синтетикалық материалдардан жасалған. Қазіргі уақытта ғалымдар тірі балықтардағы табиғи, биоүйлесімді микроробот ретінде нейтрофилдерді, ақ қан клеткаларының бір түрін дәл бақылау үшін лазерлерді қолданып жүр. Зерттеушілер қашықтағы оптикалық пинцет ретінде фокусталған лазер сәулелерін пайдаланып нейтрофилдерді басқарады. Жарықпен басқарылатын микроробот 1,3 мкм/с жылдамдықпен қозғала алады, бұл табиғи нейтрофилдер қозғалысына қарағанда үш есе жылдам көрсеткіш. Бұл тараптағы тәжірибелерде ғалымдар нейтрофилдердің иммундық жүйенің бөлігі ретінде атқаратын функцияларын нақты және белсенді бақылау үшін оптикалық пинцеттерді пайдаланды. Мысалы, микроробот қан тамырларының қабырғасы арқылы қоршаған тіндерге жылжыған. Тағы бір нейтробот пластикалық нанобөлшекті қармап, жылжытып, дәріні діттеген жеріне жеткізу мүмкіндігін көрсетті. Ал микроробот эритроциттердің фрагменттеріне қарай итерілгенде, ол оларды жұтып немесе қылғытып қойды. Сонымен бірге, лазермен бақыланбаған тағы бір нейтрофилдің қалған жасушаларды табиғи түрде жоюға тырысқаны анықталды. Қазіргі уақытта медицинада қоланылатын микророботтар жануарға немесе адам ағзасына инъекция немесе капсула арқылы енгізуді қажет етеді. Алайда, бұл микроскопиялық нысандардың көбінесе кішкентай жануарларда иммундық реакцияларды тудыратыны белгілі болып отыр, оларды (микророботтарды) өз міндетін (дәрі жеткізу) орындамай тұрып денеден алып тастауға тура келеді. Нейтрофилдер сияқты ағзада бұрыннан бар жасушаларды пайдалану иммундық жүйені қоздырмайдықтан дәрі-дәрмек жеткізудің  инвазивті баламасы бола алады.

0 пікір
Мұрағат