Лазерлік зеңбірек сынақтан сәтті өтті (видео)
Лазерлік зеңбірек сынақтан сәтті өтті (видео)
2 жыл бұрын 2256 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

АҚШ-та лазерлі зеңбіректің High Energy Laser Weapon Systems (HELWS) жүйесі сынақтан өтті. Бұл жайында islam.kz порталы Defence Turk ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. HELWS Norwegian Advanced Surface to Air Missile System (NASAMS) деп аталатын әйгілі зениттік зымыран кешеніне кіріктірілген. Аталмыш жүйе беспилотниктердің үйірін жойып жіберген. Бұл жүйе нысана туралы деректерді NASAMS зениттік зымыран кешінінен алған. Сынақ Нью-Мехико штаты аумағындағы  Уайт-Сэндс зымыран полигонында өткен. Бұл тарапта Raytheon компаниясы HELWS жүйесін АҚШ әскерилерінің Directed Energy Maneuver-Short Range Air Defense (DE M-SHORAD) бағдарламасы аясында жасалған. Сы орайда 2019 жылы Raytheon компаниясы лазерлік зеңбіректің HELWS жасауға қатысты контрактіге отырғанын айта кету керек. Осыған орай америкалық әскери мамандар лазерлік сәулеменн әрі электронды-оптикалық стансамен жабдықталған жүйеге қол жеткізеді.

0 пікір
Мұрағат