Күн және жел электр станcaлары біріктірілді. Құрылғы кез келген ауа-райында жұмыс істейді (видео)
Күн және жел электр станcaлары біріктірілді. Құрылғы кез келген ауа-райында жұмыс істейді  (видео)
2 жыл бұрын 2015 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Француз компаниясы құбылмалы ауа райына тәуелді емес жаңартылатын энергия өндіру жүйесін жасады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Interesting Engineering мерзімді басылмына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Unéole компаниясының мамандары жел турбиналары мен күн панелдерін бір қондырғыда біріктірді. Құрылғының дизайны мен құрылымы энергияны көп тұтынатын, алайда, қажетті инфрақұрылымды орналастыру үшін шектеулі кеңістіктегі қалалық ғимараттарда орналастыруға бейімделген. Инженерлер қондырғының шынымен экологиялық жағынан тиімді құрал екенін айтады. Тік турбиналар алюминийден, тот баспайтын болаттан және өмірлік цикл аяқталғаннан кейін пайдалануға болатын басқа материалдардан жасалған. Аралас жүйенің басты артықшылығы жаңғыртпалы энергия көздерінен үзіліссіз энергия алуды жатыр. Өйткені, өзге жаңғыртпалы энергия көздері тек шуақты күндері немесе жел соққан кезде ғана энергия өндіре алады. Ауа райын болжап біліп болмайды - бұлтты күні немесе тымық күндері энергия өндіру мүмкін емес. Аталған компанияның зерттеуі жел турбинасы түнгі және қысқы уақытта электр энергиясын өндіруді көбейтетінін, ал күн панелі күндіз және жазда тиімдірек екенін көрсетеді.

0 пікір
Мұрағат