Күйік жарақатын жазуға арналған, жаңа жасушалардың өсуін ынталандыратын пленка жасалды
Күйік жарақатын жазуға арналған, жаңа жасушалардың өсуін ынталандыратын пленка жасалды
1 жыл бұрын 2323 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Иммануэл Кант атындағы Балтық федералды университетінің (IKBFU) ресейлік мамандарының тобы Санкт-Петербург ғалымдарымен бірлесіп, жаңа жасушалардың өсуін ынталандыратын, зақымдалған тіндерді тез қалпына келтіретін, күйік жарақатына қолданылатын пленка жасады. Бұл жайында islam.kz порталы gazeta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бірегей пленка биологиялық тұрғыдан үйлесетін поликапролактон полимеріне негізделген, оған аргининнің амин топтары қосылған. Бұл полимердің жағымсыз әсерін бейтараптандыруға, яғни, залалсыздандыруға мүмкіндік берді - сумен жанасу мүмкін еместігі (оның көмегімен гидрофильді жасушалар көбейіп, бекітіледі). Поликапролактон проблемасы, сонымен қатар, төмен биобелсенділіктен тұрды: арнайы элементтердің болмауына байланысты ол жасушалардың миграциясына, бөлінуіне және дифференциациясына кедергі келтірді. Ғалымдардың айтуынша, аталмыш материал күйген теріні емдеуге ғана емес, регенеративті медицинада да қолдануға болады. Технология негізінде стоматология және сүйек егу үшін шрифттер мен бұрандаларды жасауға болады.

 

 

0 пікір
Мұрағат