Көңмен жүретін трактор құрастырылды: техникалық қызмет көрсетуге тек 100 сиыр қажет болады (видео)
Көңмен жүретін трактор құрастырылды: техникалық қызмет көрсетуге тек 100 сиыр қажет болады (видео)
1 жыл бұрын 1214 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

New Holland тракторы сұйытылған метанмен жұмыс істейді, бұл инновация өз кезегінде фермерлерге атмосфераға бөлінетін зиянды заттар мөлшерін азайтуға және қымбат дизелдік отынға ақша үнемдеуге мүмкіндік береді. Осылайша сиыр көңінен отын алудың тың әдісі пайда болды. Бұл жайында islam.kz порталы goodnewsnetwork.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 270 ат күші бар трактор дизелді қозғалтқышы бар стандартты нұсқалардан өнімділігі жағынан кем түспейді. Инновациялық машинаны 10 жылдан астам биометан өндіру саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын британдық Bennamann компаниясы құрастырған. Бар болғаны 100 сиырдан тұратын ірі қара табынынан алынатын жанама өнімдерді «ұшпа метан» деп аталатын отынға айналдыруға болады, оны өз кезегінде фермадағы биометан қоймасында сақтауға болады. Тракторға орнатылған криогендік цистерна метанды -162°C температурада сұйық күйде ұстайды, бұл көлікке дизелдік қуатпен бірдей қуат береді. Өзгеше тракткор Корнуолдағы фермада сынақтан өтті, атмосфераға бөлінетін көміртегі мөлшері бір жылдың ішінде 2500 метрикалық тоннадан 500 метрикалық тоннаға дейін төмендеген. Bennamann компаниясының негізін қалаушы Крис Манн: «Сұйытылған метанмен жұмыс істейтін T7 тракторы - бұл жаһандық ауыл шаруашылығы саласын көміртектен ада салаға айналдыруға және айналмалы (қалдықсыз) экономиканы жүзеге асыруға бағытталған әлемдегі алғашқы қадам», - деп мәлімдеді. Компания, сонымен қатар, аталмыш технологияны кеңінен қолдану жолдарын зерттеп жатыр, дәлірегі, оны күндердің күні ауылдық жерлерде электр көліктерін зарядтау үшін пайдалануы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат