Кірпіктің негізгі функциясы анықталды
|
Адам эволюция барысында денесіндегі түктердің көбісінен айырылды. Алайда, кірпік әлі күнге дейін өзінің физиологиялық қызметін атқарып келеді. Бұл жайында islam.kz порталы Science Advances мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әлбетте, кірпіктің адам организіміндегі маңызы ерекше, өйткені, оның негізгі функциясы көзді түрлі жағымсыз әсерлер мен факторлардан қорғайды. Соның ішінде, шаң-тозаңнан қалқалайды, ауаны сүзу қызметін атқарады, т.б. Дегенмен, ғалымдар кірпіктің қызметі тек жоғарыда аталған функциялармен щектеліп қалмайтынын алға тартып отыр. Таяуда Қытайдың физика және химия техникалық институтының ғалымдары адам кірпігінің ерекшеліктері мен сипаттарын зерттей келе оның ең басты негізгі функциясы көздің анық та қанық көруі үшін көзжасын шапшаң әрі тиімді жолмен шығаруда жатқанын анықтады. Кірпікшелер гидрофобты, сәл доғал келетін, беткі жағында микрораткалары бар талшықтардың иілгіш массивінен тұрады, ал олардың пішіні брахистохронға жақын — ең жылдам түсу қисығынан тұрады. Бұл бағыттағы зерттеу шеңберінде су мен кірпікшелердің иілгіш талшықты құрылымының өзара қалай әрекеттесетініне назар аударылды, дәлірегі, трансфер бағытын және тамшылардың симметриялы емес шаш құрылымдарымен жанасу уақытын бақылау тетіктері анықталды. Талшықтар массивінде әрекет ететін серпімді күштерді есептеу үшін сандық есептеу моделі жасалды. Бұған қоса, кірпікті жыпылықтатудың нақты физиологиялық қызметінің тағы бір қыры – конгнитивті рөлінде жатыр. 1945 жылы Англиядағы Шеффилд университетінің Артур Холл дауыстап оқығанда кірпіктің жиі жыпылықтайтынын анықтады. Дәлірегі, мәтіндегі бос жерлерге келгенде кірпік жыпықылықтайтын болып шықты. Осылайша кідіріс жасайды. Осыны ескерген белгиялық Гент университетінің Луиза Богертс психологы Ghent Eye Tracking Corpus зерттеу деректерін талдаудан өткізген екен. Бұл тарапта әлемге әйгілі сөз зергері, детектив жанрын дамытқан Аага Кристидің романын оқыған тәжірибеге қатысқандардың қанша рет кірпігін жыпылықтатанын бақылаған көрінеді. PsyArXiv серверіндегі мақалада келтірілген мәлімет бойынша оқырман жалпылама 30367 рет кірпігін жыпылықтатқан. Яғни, адамның мәтінді оқу кезінде кірпігін бекерден бекер жыпылықтатпайтынын анықтады. Бұдан бөлек, тәжірибеге қатысқандар сөзді немесе сөйлемді оып болған соң кірпігін қағуға бейім келетіні белгілі болды. Осылайша кірпікті жыпылықтатудың адамның конгнитивті қабілетін нығайтатыны аныталған. Дәлірегі, «конгнитивті үзіліс» қызметін атқару арқылы адамның шаршамауына ықпал еткен. Сондай-ақ, ғалымдар кірпікті жыпылықтату жиілігі мәтіндегі басқа позициялармен салыстырғанда кез келген тыныс белгісінде орта есеппен 4,9 есе, жолдың соңында 3,9 есе, ал тыныс белгілерінде 6,1 есе жоғары болғанын анықтады. Осылайша крпік жыпылықтату немесе кірпік қағу ақпаратты сіңіру үшін конгнитивті рөл атқаратын болып шықты. Бұл жаңалық ең алдымен қырағалықты қажет ететін ұшқыштар мен өзге де бақылаушы немесе қадағалаушы қызметтерде маңызды рөл ойнайтын болады.