|
“Кездейсоқтық деген жоқ”: физик шындықтың жасырын құрылымы туралы айтты
|
Оксфордтық физик, яғни, әлемге әйгілі жоғарғы оқу орнының ғалымы микро әлемдегі оқиғалар ықтималдықпен анықталады деген кванттық теорияның іргелі қағидасын күмән келтіріп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Proceedings of the Royal Society мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Тимоти Палмер есімді физик қазіргі заманғы математика континуумды пайдаланады, деп санайды - санның табиғатта жоқ бірқалыпты таралуына қатысты құбылыс турасында сөз болып отыр бұл арада. Егер артық мүмкіндіктерді алып тастасақ, Шредингердің мысығы бір мезгілде тірі және өлі бола алмайды, ал кездейсоқ оқиғалар кездейсоқ болып қалмайды. ХХ ғасырдың басында кванттық механика пайда болған сәттен бастап физиктер субатомдық бөлшектер әлемінде шынайы кездейсоқтық бар, деп қабылдады. Бұл тараптағы тәжірибе нәтижелері ықтималдық заңдарына бағынады, алайда, теория неге басқа нәтиже емес, дәл осы нәтиже болып жатқанын түсіндіріп бере алмайды. Тимоти Палмер бұл болжамнан немесе гипотезадан бас тартуды ұсынады. Ол мәселенің мәні шындықта емес, оны сипаттау үшін қолданылатын математикада екенін алға тартады. Кванттық теория континуумға - бос орындарсыз сандардың шексіз тегіс тізбегіне сүйенеді. Тимоти Палмер мұндай мінсіз математикалық нысандар табиғатта жоқ, деп есептейді. Ғалам ешқашан шексіз дәл сандарды талап етпейді, деп есептейді. Егер теориядан физикалық тұрғыдан іске асырылмайтын гипотетикалық мүмкіндіктерді алып тастасақ, онда көптеген парадокстар немесе кереғарлықтар жойылады. Шредингердің мысығымен болған әйгілі ойлау тәжірибесі мысықты тірі және өлі деп сипаттауды тоқтатады. Оның орнына бір ғана шынайы жай-күй қалады. Осы логиканы Палмер кездейсоқтық ұғымына да қолдануды ұсынады. Ғалымдардың болжамды нәтиже ретінде көргендері шын мәнінде себеп-салдарлық байланыстарға негізделген шындықтың жасырын құрылымын көрсетеді. Егер физик дұрыс болса, бұл кванттық теорияны іргесін шайқайды.