Жапонияның метеорология агенттігі аптап ыстыққа байланысты жаңа терминді қолданысқа енгізеді
Жапонияның метеорология агенттігі аптап ыстыққа байланысты жаңа терминді қолданысқа енгізеді
2 сағат бұрын 46 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Күншығыс елінің метеорологиялық агенттігі (JMA) ауа температурасы Цельсия бойынша 40 градусқа жеткенде және одан жоғарылағанда қолдануға жаңа терминді енгізді - “Кокушоби”(тура мағынасында -“қатты ыстық күн”). Бұл жайында islam.kz порталы The Mainichi ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. JMA бұл терминді ауа райын болжау термионологиясына қосады әрі осы жаз мезгілінен бастап қолданады. Жаһандық жылынуға байланысты аптап ыстық қалыпты құбылысқа айналған - ел тұрғындарына қауіп-қатерді ескертудің тиімді құралына айналдырмақ. Оңтүстік-шығыс Азия аймағындағы осынау арал мемлекетте ауа температурасы 25 °C және одан жоғары күндер «нацуби» (жазғы күн), 30 °C және одан жоғары күндер - «manatsubi» (жаздың ортасындағы күн), ал 35 °C және одан жоғары күндер - «moshobi» (өте ыстық күн) деп аталады, ал бұрын температура 40 °C және одан жоғары болған күндер үшін арнайы термин жоқ еді. Аталмыш агенттік жаңа атауға байланысты наурыздың соңына дейін бір ай ішінде онлайн-сауалнама жүргізді. «Кокушоби» ең көп дауыс жинады - 202 954, «чо-мошоби» екінші орыннан шамамен үш есе көп (өте ыстық күн) және келесі «гокушоби» терминінен шамамен сегіз есе көп (өте ыстық күн). Japan Weather Association деп аталатын жалпы корпоративтік қор 2022 жылдан бастап 40 °C және одан жоғары температурадағы күндерді белгілеу үшін kokushobi терминін дербес, яғни, өз бетінше пайдаланып келген еді. Осы орайда Жапонияда 2018 жылдан бастап жыл сайын температурасы 40 °C және одан жоғары күндер бөлек белгіленетін болғанын айта кетпекпіз.

0 пікір
Мұрағат