Кей ауруларды адам денесінен бөлінген иістен байқауға болады
Кей ауруларды адам денесінен бөлінген иістен байқауға болады
2 жыл бұрын 3361 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Александр Эдигер есімді ресейлік патологоанат дәрігер, клиникалық фармаколог «Мәскеу ақшамы» мерзімді басылымына берген сұхбатында кейбір ауруларды науқастардың денесінен бөлінген иістен ажыратуға болатынын алға тартты. Бұл жайында islam.kz порталы аталған ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Иісінен ажыратуға болатын сондай аурулардың біріне бауыры ауыратын науқастың дертін жатқызып отыр. Сондай-ақ, өкпесі шіри бастаған, яғни, гангренаға ұшыраған науқастың бойынан шыққан иіс те оның қандай кеселге шалдыққанынан хабар береді – ауыр пневмонияға Pseudomonas aeruginosa (жылжымалы таяқшы тәрізді бактерия) флорасы қосылған кезде пайда болатын иіс. Білікті маманның сөзіне қарағанда, сусамыр асқынған кезде пайда болатын иісті (кетозды денелер иісі) ештеңемен шататастыру мүмкін емес. Дегенмен медицина дамыған бүгінде мұндай иіс кездеспейді десе де болады, өйткені, қант диабетінің асқынған түрінен зардап шегетіндер қарасы некен-саяқ. Иіс – ауруды анықтауға көмектесетін өлшем ретінде алға шығады. Осылай деген ол бұрын ресейлік классикалық терапевт қызметкерлерінің иістің негізгі элементтерін ажыратуға үйретілгенін де еске сала кетті.

0 пікір
Мұрағат