|
Кастрация қартаю процесін тежейді – зерттеу
|
Кастрация, дәлірегі, піштірілген малдың ДНҚ-сының қартаюын тежеген. Ұрықтандыру ағзасынан айырылған еркек қой піштірілмеген, өзімен жасты қойға қарағаннда әлдеқайда ұзағырақ өмір сүрген. Жаңа Зеландиядағы Отаго университетінің ғалымдары осындай қызық тұжырымға келіп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы EurekAlert ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар қойдың ДНҚ-сының биологиялық жасын эпигенетикалық сағаттың көмегімен анықтаған. Бұл әдісті Стив Хорват есімді америкалық генетик ойлап тапқан. Десе де ғалымдар кастрацияны ер адамдардың ғұмырын ұзарту үшін пайдалану адамгершілікке жат болатынын алға тартып отыр Дегенмен бұл жаңалық өз кезегінде мал шаруашылығымен айналысатын фермерлерге көп көмегін тигізетініне сенімді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Саудия шетелдік жұмысшылар отбасына виза ашу ережесін өзгертті
■
Өзбектер кедейлерді қолдаудың өзгеше әдісін тапты
■
Араб елі өз-өзіне қол жұмсауға оқталғандарға қарсы қылмыстық жазаны жойды
■
Ақшаның жылыстауы бойынша Парсы шығанағы елдері көш бастады
■
Бірер жылдан соң григориан күнтізбесі бойынша бір жылда үш айт мен екі қажылық маусымы болады