Жоғары тиімді су сүзгісі 10 секундта микропластиктердің 99,9% жояды
Жоғары тиімді су сүзгісі 10 секундта микропластиктердің 99,9% жояды
1 жыл бұрын 1512 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Корей ғалымдары пластиктің титтей түйіршіктерін, сондай-ақ, басқа ластаушы заттарды мейлінше тез әрі барынша тиімді сүзетін суды тазартудың жаңа жүйесін жасады. Бұл жайында islam.kz порталы onlinelibrary.wiley.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған құрылғыны әзірлеу барысында ғалымдар ковалентті триазендік құрылымды (covalent triazene framework, CTF), дәлірегі, үлкен беті бар, кеуекті материалды пайдаланды. «Молекулаларды сақтауға жеткілікті орын бар» деп жазады зерттеушілер. Мұндай материалдар өнеркәсіпте пайдаланылған ағынды сулардан органикалық бояғыштарды кетіруде тиімді. Ғалымдар суды жақсы тарту үшін CTF-тегі молекулаларды өзгертті және материалды жұмсақ тотығуға ұшыратты. Нәтижесінде тиімділігі жоғары сүзгі пайда болды: судағы микропластиктер мен ластаушы заттардың 99,9%-дан астамы 10 секунд ішінде жойылды. Материалды тиімділігін төмендетпей бірнеше рет қайта пайдалануға болады. Бұдан бөлек, зерттеушілер күн сәулесін сіңіріп, энергияны жылуға айналдыратын және оны суды ұшпа органикалық қосылыстардан (VOC) тазарту үшін пайдаланатын полимер нұсқасын әзірледі. Ол тек күн радиациясын қолдана отырып, 98% -дан астам VOC жоюға мүмкіндік берді. Екі мембрана түрін біріктіретін прототип ластаушы заттардың екі түрінің де 99,9%-дан астамын жойды.

0 пікір
Мұрағат