Жер күннен алыстап барады - ғалым
Жер күннен алыстап барады -  ғалым
2 жыл бұрын 4004 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Калифорния университетінің Брайан ДиДжорджио есімді астроном ғалымының пікірінше, жер планетасы күннен алыстап барады. Бұл жайында islam.kz порталы Live Science ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұның салдары мен зардабы қандай?

Брайан ДиДжорджионың пайымдауынша, күн мен жер арасындағы қашықтық ұлғайған сайын климат өзгерісі орын алып келеді. Біздің планетаның эллипс тәріздес орбитасы бар екенін ескерсек, ол Күнді шеңбер бойымен айналмайды, міне, осындай ерекшелікке байланысты орта есеппен Жердің Күн жүйесінің орталық денесіне дейінгі қашықтығы шамамен 150 млн шақырым. Десе де бір жыл ішінде ол 147 млн ​​шақырымнан 152 млн шақырымға дейін ауытқиды.

Америкалық астрономның топшылауынша, күн мен жердің алшақтауына Күн массасының біртіндеп кемуі себеп болып отыр. Күннің сөнуіне шамамен 5 миллиард жыл қалды және ол сөне бастағанға дейін өзінің массасының шамамен 0,1% жоғалтады. Бір қарағанда, бұл аз сияқты көрінгенімен, шын мәнінде бұл Жерден 300 есе ауыр Юпитердің массасымен салыстыруға болады. Осындай себепке байланысты күннің тартылыс күші азайып келеді. Ал жер жылына күннен шамамен алты сантиметр алыстайды.

0 пікір
Мұрағат