Жауын құрты адамзатты құтқарады
Жауын құрты адамзатты құтқарады
3 жыл бұрын 5253 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Топырақта тіршілік ететін, әдетте жаңбырдан соң жер бетіне шығатын жауын құрты (шұбалшаң) пластикті қорытатын болып шықты. Бұл жайында islam.kz порталы Phys.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Алайда, пластик аталыш омырртқасыз жәндіктің денсаулығы мен организіміне, жалпы жауын құртының пластикті қорек ететіні экологиялық жүйеге қалай әсер ететіні әлі белгісіз. Қытай ғалымдары бұл тарапта бірнеше арнайы тәжірибе жүргізіп көрген екен. Нәтижесінде жауын құртының көміртекті және биологиялық тұрғыдан ыдырайты кейбір пластик түрлерін жақсы сіңіретінін анықтады. Жауын құртының ең жақсы көретін қорегі – полилактикалық қышқылдан (PLA) тұратын, биологиялық тұрғыдан шіритін пластик пен мұнай өнімдерінен жасалған полиэтилентерефталат (ПЭТ). Бір қызығы, жауын құрттары белгілі бір пластик түрлеріне жоламайтыны болып тұр. Аталмыш зерттеу нәтижесі өз кезегінде қоршаған ортаның пластикпен ластану деңгейімен күресуге, дәлірегі, топырақ құрамында пайда болған микропластиктен тазартуға көмектеспек.

0 пікір
Мұрағат