Балауыз құртының сілекей ферменттері пластикті бірнеше сағат ішінде ыдыратады
Балауыз құртының сілекей ферменттері пластикті бірнеше сағат ішінде ыдыратады
2 жыл бұрын 2214 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Cesar Hernandez Regal, CSIC

Ғалымдар балауыз құртының (балауыз көбелегі личинкалары) сілекейінен бөлме температурасында пластикті тез ыдырататын ферменттерді тапты. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу жұмысының препринті жарияланған BioRxiv сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Испандардың ұлттық зерттеу кеңесінің ғалымдары 2017 жылы үлкен балауыз құртының (Galleria mellonella) личинкаларының полиэтиленді бұза алатынын  байқаған еді. Бұл бағытта арнайы жүргізілген зерттеу барысына бұл процестің қалай жүретінін анықтай алды. Аталған зерттеуге жетекшілік еткен  Федерика Бертоккинидің айтуынша, осынау қабыршық қанатты жәндік сілекейіндегі ференттер алдымен қышқылдану процесін тудыратын болып шықты, артынан пластикті дегредацияға ұшыратады. Ғалымдар сілекейді электронды микроскоп арқылы талдап, одан ыдыраған пластик қалдықтарын да, ақуыздың көп мөлшерін де тапты. Осы ақуыздарды сараптағаннан кейін ғалымдар полиэтиленге әсер ететін екі ферментті - Деметра (Demetra) мен Церераны (Ceres) тапты. Ғалымдар бұл екі ферменттің пластикке түрліше әсер ететінін анықтады. Деметра полиэтилен пленкасының бетінде қарапайым көзге көрінетін «кратерлерді» қалдырады. Церера ферменті де пластикті тотықтырады, бірақ, көрінетін қалдық қалдырмайды. Сонымен қатар, екі зат те фенолоксидаза тобына жатады - фенолдарды тотықтыратын ферменттер тобына. Сөз орайы келгенде айта кету керек, фенол әдетте өсімдікті зиянкес жәндіктерден қорғау үшін пайдаланылады. Былайша айтқанда, фенолоксиданттар жәндіктерге берілетін эволюциялық жауап деуге болады. Өйткені, жәндіктер өсімдікті қрек ету үшін фенолды бейтараптандырады, яғни, залалсыздандырады. Фенол, сондай-ақ,пластиктің көптеген қоспаларында пайдаланылады. Міне, осы қоспалар аталған құрттың сілекейіне пластикті ыдыратуға көмектеседі. Мынаның астын сызып тұрып айта кетпеске болмайды: аталған зат полиэтиленді алдын ала өңдеусіз ыдырата алатын әлемдегі алғашқы әрі жалғыз ферменттер ретінде алға шығады. Көп жағдайда пластикті тірі организмдер ыдыратуы үшін тотығуды қамтамасыз етуі үшін алдын ала агрессиялық сипатта өңдеуді қажет етеді.

0 пікір
Мұрағат