Жасанды май қышқылы көз торының қызметін жақсартты
|
Бұрын ғалымдар көз торынан май қышқылын тапқан болатын. Енді ғалымдар осы молекуланың «жақсартылған нұсқасын» синтездеуді меңгерді, бұл жайт өз кезегінде тәжірибедегі патологиясы бар тышқанның да, сау кеміргіштің де көру қабілетін арттырған. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Proceedings of the National Academy of Sciences мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жоғарыда айтып өткеніміздей, көз торының қызметінде маңызды рөл ойнайтын айрықша май қышқылын тапқан болатын. Тізбегі ұзын полиқанықпаған май қышқылдары (Полиқанықпаған май қышқылдары (PUFA) майлы қышқылдардың тұқымдары болып табылады , онда екі немесе одан да көп қос байланыс майлы қышқылдық көміртек тізбегіндегі көрші көміртегі атомдарына қосылады - kk.approby.com дерек көзінен алынды) ELOVL4 ферменті арқылы синтезделеді, сол себепті де осы қосындының синтез қызметі бұзылған адамның көру қабілеті нашарлайды. Бұл олқылықтың орны организмге қажетті молекулалар синтезін енгізе отырып толтырылатын болса, көптеген көз ауруларынан, соның ішінде жас ұлғая келе жабысатын макулярлы дегенрация мен диабеттік ретинопатия секілді кеселдерден де құтылуға болады. Мұндағы бар мәселе ұзын тізбекті полиқанықпаған май қышқылы коммерциялық мақсатта пайдаланатындай деңгейде жеткілі бола бермейді. Ал аталмыш қосындыны жаңа тәсілмен синтездеу тәсілі оны өнеркәсіптік ауқымда алуға мүмкіндік бермек. Бұған қоса, ғалымдар дәлелдегендей, бұл затты ауыз арқылы қабылдасаңыз, көз торына жиналып, сау тышқанның да, ELOVL4 ферментінің қызметі бұзылған кеміргіштің де көру қабілетін жақсартпақ. Сы зерттеуге атсалысқан органикалық химия профессоры Джон Д. Реньенің айтуынша, адам көзінде бірнеше ұзын тізбекті полиқанықпаған май қышқылы кездеседі. Ғалымдар олардың тек біреуін ғана синтездей алған. Десе де ғалымдар алдағы уақытта өзге нұсқаларын жаңа әдіспен синтездеп, май қышқылының өзге нұсқаларын да зердлейтіндеріне әрі осылайша әрбір қосындының қандай қызмет атқаратынын түсінетіндеріне сенім артып отыр.
Ұқсас материалдар:
"Адамзаттың 97%-ы шалдыққан көз ауруының емі табылды" (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/adamzattyn-97-y-shaldyqqan-koz-auruynyn-emi-tabyldy-14698/#gsc.tab=0);
"Зағипке жасанды қасаң қабық салынған соң көзі көріп кетті" (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/zagipke-jasandy-qasan-qabyq-salyngan-son-kozi-korip-ketti-video-14699/#gsc.tab=0);
«Таяу Шығыстағы көз банкіне ие бір ғана елде жылына көздің мүйізгек қабығын қондыру бойынша 6 мың оты жасалады» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/tayau-shygystagy-koz-bankine-ie-bir-gana-elde-jylyna-kozdin-muiizgek-qabygyn-qondyru-boiynsha-6-myn-oty-jasalady-14482/#gsc.tab=0);
«Бір ген бар, көздің көру қабілетін жақсартатын» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/bir-gen-bar-kozdin-koru-qabiletin-jaqsartatyn-14536/#gsc.tab=0);