Жарық терапиясы антибиотикке төзімді стафилококк пен Pseudomonas aeruginosa бактерияларын жойды
Жарық терапиясы антибиотикке төзімді стафилококк пен Pseudomonas aeruginosa бактерияларын жойды
2 жыл бұрын 1865 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жарық әсеріне ұшыраған нанобөлшектер ауруханаға төзімді инфекцияларды емдеуде тиімді дәрі болып шықты. Бұл жайында islam.kz порталы бұл тараптағы зерттеу материалы жарияланған Pharmaceutics мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оңтүстік Австралия университетінің ғалымдары жарықпен белсендірілген нанобөлшектерді қолдана отырып, дәрі-дәрмекке бой бермейтін инфекциялармен күресу технологиясын әзірледі. Жаңа әдіс стафилококкты 500 000 есе және Pseudomonas aeruginosa ьактериясын 100 000 есе тиімділікпен жойған. Ғалымдар галия протопорфиринінің (GaPP-LCNP) сұйық кристалды липидті нанобөлшектерін пайдалана отырып, микробқа қарсы фотодинамикалық терапия әдісін әзірледі. Белсенді зат жараға лосьон түрінде қолданылады. Лазер сәулесінің әсерінен GaPP кәдімгі антибиотиктерге балама ретінде қызмет ететін реактивті оттегі түрлерін жасайды. Зерттеушілер осы күнгі қолданыстағы әдістерде ерігіштігі нашар заттар қолданылатынын атап өтті. Ал өздерінің технологиясында олар ерігіштігі жоғары және бактерияға қарсы қасиеттері бар қосылыс жасау үшін тағамдық липидтерді қолданған. Бұл бағыттағы зерттеу  нәтижесі дайын молекулалардың бір уақытта бірнеше бактерия жасушаларын нысанаға алып, бактериялардың бейімделуіне және төзімді болуына жол бермейтінін көрсетті. Бірқатар тәжірибеде зерттеушілер ауруханаішілік инфекциялардың ең көп таралған және қауіпті екі түрімен күресудің жаңа емінің тиімділігіне көз жеткізді. Сонымен қатар, жараларды емдеу процесіне қатысатын тері жасушаларының өміршеңдігі артып, антибиотиктерге төзімді бактериялар толығымен жойылған. Staphylococcus aureus (Staphylococcus aureus) және Pseudomonas aeruginosa - әлемдегі ең кеңінен тараған әрі өлімге әкелетін супербактериялардың бірі. Статистикалық мәлімет бойынша антибиотиктерге төзімді осынау бактериялардан жыл сайын миллионнан астам адам көз жұмады екен.

Технологияның жұмыс істеу принципі. Кескін: Muhammed Awad et al, Pharmaceutics
0 пікір
Мұрағат