Pangeos - Сауд Арабиясының жаңа бірегей қалқымалы кешені (видео)
Pangeos - Сауд Арабиясының жаңа бірегей қалқымалы кешені (видео)
1 жыл бұрын 2309 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бір мезгілде 60 000 жолаушыны сыйдыра алатын Pangeos деп аталатын бірегей жобаны Сауд Арабиясына италиялық  Lazzarini Design Studio дизайнерлік студиясы ұсынған екен. Тасбақа тәрізді бұл үлкен яхта әзірлену үстінде. Бұл жайында islam.kz порталы ixbt.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бүгінде ең үлкен яхта ары кетсе, 7000 адамға ғана шақталған. Pangeos көлемі – 610х550 м. Жүзбелі немесе қалқымалы кешенде қонақүйлер, тұрғын үйлер, сауда орталықтары, мейрамханалар, айлақтар мен демалыс саябақтары болады. Туристер мен адамдар жасанды зердемен жұмыс істейтін өзгеше кешенге қайықтармен және тікұшақтармен жеткізіледі. Ол Саудия аймағынан тыс жерлерге саяхаттауға да арналған, яғни, әлемді шарлауға болады. Pangeos сағатына шамамен 5,5 мил жылдамдықпен қозғалады және тоғыз түрлі HTS қозғалтқышымен жабдықталған. Алып яхта негізінен жаңғыртпалы энергия көздерінен қуат алады. HTS жүйелері әдеттегі қозғалтқыштарға қарағанда әлдеқайда тиімді, өйткені, құрылымның ішкі бөлігі негізінен күн энергиясынан, сондай-ақ, құрылымның қанатты бөліктеріндегі толқындардан энергия өндіретін гидроэлектрлік жүйеден қуат алады. Құрылыс 8 млрд долларға бағаланып отыр. Алайда, қалқымалы қаланы салып бітіруге сегіз жыл уақыт кететіні әрі оны бес млрд долларға құрастыруға болатыны да айтылған. Қалқымалы алыптың ерекшелігі - «жасыл» энергия және зиянды заттарды бөлмеуінде жатыр. Электр энергиясы кең аумақты күн панелдері мен толқын энергиясымен жұмыс істейтін генераторлар арқылы өндіріледі. Кеменің электр стансасы жалпы қуаты 16800 ат күші бар электр қозғалтқыштарынан жасалған. Қалқымалы қаланың максималды жылдамдығы 5 түйін (сағатына 10 шақырым)

Ұқсас материал:

«Корейлердің климат өзгерісінен төнетін қауіпке қарсы айрықша жобасы» (https://islam.kz/kk/news/alem/koreilerdin-klimat-ozgerisinen-tonetin-qauipke-qarsy-airyqsha-jobasy-foto-16075/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат