Жарық шашатын өсімдік көше шамын алмастырады
Жарық шашатын өсімдік көше шамын алмастырады
3 жыл бұрын 1760 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Осы күнгі көше шамдары энергия үнемдейтін түріне алмастырылса да күндізгідей жарық шашады. Соның өзінде де электр шығыны шектен тыс. Осыны ескерген Массачусет технологиялық институтының биофизиктері люминисцентті өсімдікті қоғамдық орындарды пассивті жарықтандыруға қолдануды ұсынып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы techcult.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл арада «өсімдік нанобионика» деп аталатын ғылымдағы тың бағыт турасында сөз болып отыр – тірі тіндер түрлі бөлшектерге оларға жаңа қасиеттер дарыту үшін енгізіледі. Өткен жылы мұндай тәжірибе жарылғыш заттарға реакциясы бар шпинат-сапердің, топырақтағы ылғалдылық деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін тірі датчиктің және қараңғыда жарық шашатын кресс-салаттың пайда болуына әкелді. Кресс-салат ғалымдардың ерекше назарын аударған еді... Алғашқы нұсқасында жарық шашатын шыбыннан алынған люцифераз бен люциферин компоненттерін қосу арқылы жарыққа қол жеткізген еді. Жаңа нұсқасында оларды люминофорға, артынан  фосфоресценция процесінде энергия бөлуі үшін ультракүлгін сәуле жинайтын стронция алюминатқа ауыстырды. Өсімдік тіндерін қорғау үшін нанобөлшектерді кремнеземнен әзірленген қабыққа орап, жапырақ ішіндегі мезофилла қабатына орналастырды. Люминофорлы өсімдіктен шашыраған жарық люциферазға қарағанда он есе жарық болды, ал мұндай шамды белсендіру үшін оған бар-жоғы он секунд ультракүлгін сәуле түсірсе жетіп жатыр. Рас, аталған жүйе ары кетсе бірнеше минут қана жарық шашады, содан соң біртіндеп бірнеше сағатқа сөнеді. Ең бастысы басқада – ғалымдар көз жеткізгендей, мұндай қоспа өсімдіктің табиғи тіршілігіне кедергі келтірмейді. Сол себепті, бұл бағытта тың тәжірибелерді батыл жүргізе беруге болады, мәселен, комбинацияланған жарық көзіне қол жеткізу үшін люминофор мен люциферазды біріктіруге болады.

Светящиеся растения

0 пікір
Мұрағат