Жапон ғалымдары жаңа тіс өсірудің жолын тапты
Жапон ғалымдары жаңа тіс өсірудің жолын тапты
10 ай бұрын 1422 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жапон ғалымдары адамдарға жаңа тіс өсіруге көмектесетін жаңа дәр ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы mainichi.jp ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш дәрі туабітті ересек тістері жоқ адамдарға арналған. Осынау зерттеуге атсалысқан Катсу Такахаши есімді ғалымның айтуынша, жаңа тіс өсірудің жолдарын аспирант кезінен бастап іздеген. Ақыры мақсатын жеткен. Жануарлар, соның ішінде акула мен бауырымен жорғалаушылардың кейбір түрлері тістерін өсіре алатын қабілетке ие. Мұндай өзгеше қабілетке  адамдарда да ие болуы мүмкін. Бұл тарапта кеміргіштерге тәжірибелер жүргізілді: дәріден сүт тістен кейінгі «үшінші ұрпақ» тістері өсіп шыққан. Қазіргі уақытта дәріні адам қолданып көру үшін алдын ала дайындық жұмыстары жүргізілуде. Болашақта ол ең алдымен анодонтиядан зардап шегетін балаларды емдеуге бағытталатын болады.

0 пікір
Мұрағат