Жануарларға қарағанда адамдар жануарларға инфекциялық қауіпті көбірек төндіретін болып шықты
Жануарларға қарағанда адамдар жануарларға инфекциялық қауіпті көбірек төндіретін болып шықты
28 күн бұрын 440 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ковид деген атпен белгілі жұқпалы індеттен адамзат енді ес жиып келеді. Жабайы жануарлардың тіршілік ету ортасының тарылуына байланысты адамзатқа бұрын беймәлім вирустар қауіп төндіріп, тағы бір пандемияға себеп болады, деген пікірлер жиі айтылып жүр. Алайда, Седрік Тан есімді түрік биологы керісінше болатынын, адамнан жануарларға вирустың жұғу қатері артып келе жатқанын алға тартып отыр. Осының салдарынан көптеген жануарлар жер бетінен жойылып кету қатеріне ұшырайды. Бұл жайында islsm.kz порталы Nature Ecology and Evolution мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Лондон университеттік колледжінің (UCL) бұл бағыттағы зерттеу нәтижесіне сәйкес адамдар үй және жабайы жануарларға олардан алғанға қарағанда көбірек вирустар беретін болып шықты. Бұл тарапта ғалымдар тобы 12 миллионға жуық вирустық геномдарды талдауға арналған әдістемелік құралдарды әзірледі және қолданды. Вирустар адамдар мен жануарлар арасында ауысып отырады, дегенмен, адамдар 64% жағдайда жануарларға вирустар жұқтырған. Аталмыш зерттеуге атсалысқан биолог Седрік Тан: «Біз жануарларға олардан алғанға қарағанда көбірек вирустар жібереміз», - деп мәлімдеді. Мысал ретінде ол Ковид-19 адамға жұққаннан кейін әлдеқайда жылдам таралатынын келтірді. Бұған адамзат популяциясының көптігі себеп болған.

0 пікір
Мұрағат