Жаңа технология бидай тапшылығының алдын алуға көмектеседі
Жаңа технология бидай тапшылығының алдын алуға көмектеседі
2 жыл бұрын 1717 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Lavie Bio компаниясы өсімдіктердің табиғи ортасында кездесетін бактериялар негізінде өнімдерді әзірлейді, бұл дақылдардың өнімділігін, сапасын және тұрақтылығын арттыруға көмектеседі. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сарапшылар жылдан жылға қарасы көбейіп келе жатқан әлем халқының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін озық агротехнологияларды әзірлеу және бейімдеу процесін шұғыл түрде күшейту қажет, деп санайды. Lavie Bio - Evogene еншілес кәсіпорны, әлемдік тағам өнеркәсібіне инновациялар енгізуге ұмтылған биологиялық ауылшаруашылық компаниясы. Аталмыш компания дақылдардың шығымдылығын, сапасын және төзімділігін арттыру үшін микробиома негізіндегі өнімдерді, өсімдіктердің табиғи өсу ортасынан табылған бактерияларды әзірлеуге маманданған. Компанияның жаңа өнімі бидай тұқымының жабыны арқасында бидай өнімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді, бұл өсімдіктерге топырақтан фосфор, күкірт және темір сияқты қоректік заттарды оңтайлы алуға және осылайша өнімділікті арттыруға көмектеседі. Компания бидайдың қоректік заттарын пайдалануды ұйғаратын бұл тәсілі су тапшылығы, климаттың өзгеруі және өсетін аймақтарға бейімделу сияқты құбылмалы және күрделі экологиялық жағдайларға төзімділікті қалыптастырады. Мұндай әдіс Evogene бас компаниясы әзірлеген MicroBoost AI деп аталатын есептеу технологиясының қозғалтқышы арқылы жүзеге асады. Бұл «қозғалтқыш» деректердің мол қоры  мен жасанды зерденің озық есептеу қуатын, сондай-ақ, кең биологиялық білім қорын біріктіруге негізделген. Өнім осы жылы алғаш рет Солтүстік Дакотада төрт жылдық ауқымды дала сынақтарынан кейін шығарылды. Сынақтар бұл өнімді пайдалану өнімділікті әр акрға (1 акр = 4 дунам) шамамен 3-4 бушелге (90-120 кг) арттыруға болатындығын көрсетті. Evogene компаниясының бас директоры Офер Хабиб тиімділігі төмен ауыл шаруашылығынан озық технологияға негізделген ауыл шаруашылығына көшуді мейлінше жеделдету қажеттілігін алға тартып отыр, осылайша жоғары өнімділікке және шығындардың азаюына көмектесетін технология арқылы қоршаған ортаны ұтымды пайдалану, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету секілді өзекті мәселелерді оңтайлы жолмен шешу керек, деп есептейді.

Ұқсас материалдар:

«Бидай өнімін арттыратын ген табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bidai-onimin-arttyratyn-gen-tabyldy-16839/#gsc.tab=0);

"Ақузы көп бидай өсірудің жолы табылды. Бұл ГМО емес" (https://islam.kz/kk/news/gylym/aquzy-kop-bidai-osirudin-joly-tabyldy-bul-gmo-emes-16787/#gsc.tab=0);

"Ғалымдар 2050-ші жылдары 9 млрд адамзатты асыраудың жолын тапты" (https://islam.kz/kk/news/gylym/galymdar-2050-shi-jyldary-9-mlrd-adamzatty-asyraudyn-jolyn-tapty-16762/#gsc.tab=0);

«Ғалымдар фотосинтез жылдамдығын арттыру арқылы астықтың түсімін ұлғайтпақ» (https://islam.kz/kk/news/gylym/galymdar-fotosintez-jyldamdygyn-arttyru-arqyly-astyqtyn-tusimin-ulgaitpaq-13994/#gsc.tab=0);

«Құрғақшылыққа төзімді ету үшін өсімдіктердің метаболизмін өзгертпек» (https://www.islam.kz/kk/news/gylym/qurgaqshylyqqa-tozimdi-etu-ushin-osimdikterdin-metabolizmin-ozgertpek-14307/#gsc.tab=0);

«Өсімдіктің суды үнемдеуіне мүмкіндік беретін тың тәсіл табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/osimdiktin-sudy-unemdeuine-mumkindik-beretin-tyn-tasil-tabyldy-15051/#gsc.tab=0);

«Өсімдіктірдің аптап ыстыққа төтеп беруіне көмектесетін бактерия табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/osimdiktirdin-aptap-ystyqqa-totep-beruine-komektesetin-bakteriya-tabyldy-15017/#gsc.tab=0);

«Аптап ыстыққа төзімді бидай шығарылды» (https://islam.kz/kk/news/madeniet/aptap-ystyqqa-tozimdi-bidai-shygaryldy-13540/#gsc.tab=0); 

«Бидайдан гөрі жаһандық жылынуға төтеп беретін астықты өсімдік» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bidaidan-gori-jahandyq-jylynuga-totep-beretin-astyqty-osimdik-14713/#gsc.tab=0);

«Астықты өсімдіктер құрамында у көбейіп келеді» (https://islam.kz/kk/news/arturli/astyqty-osimdikter-quramynda-u-kobeiip-keledi-12755/#gsc.tab=0);

«Климат өзгерісінен өсімдік әлемі қауіпті эволюциялық өзгеріске ұшырай бастады» (https://islam.kz/kk/news/arturli/klimat-ozgerisinen-osimdik-alemi-qauipti-evolyutsiyalyq-ozgeriske-ushyrai-bastady-16400/#gsc.tab=0);

«Климат өзгерісі Орта Азия мен Қазақстандағы өсімдіктердің вегетациялық кезеңін тездетуде» (https://islam.kz/kk/news/alem/klimat-ozgerisi-orta-aziya-men-qazaqstandagy-osimdikterdin-vegetatsiyalyq-kezenin-tezdetude-16399/#gsc.tab=0https://islam.kz/kk/news/alem/klimat-ozgerisi-orta-aziya-men-qazaqstandagy-osimdikterdin-vegetatsiyalyq-kezenin-tezdetude-16399/#gsc.tab=0);

«Жаһандық жылыну адамзатты «алтын күз» кезеңінен айырады» (https://islam.kz/kk/news/arturli/jahandyq-jylynu-adamzatty-altyn-kuz-kezeninen-aiyrady-14469/#gsc.tab=0);

«Күріш революциясы» (https://islam.kz/kk/news/alem/kurish-revolyutsiyasy-11122/#gsc.tab=0);

"Эко-зиянды тыңайтқышсыз түсімі мол күріш өсірудің жолы табылды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/eko-ziyandy-tynaitqyshsyz-tusimi-mol-kurish-osirudin-joly-tabyldy-14652/#gsc.tab=0);

«Ионды сәуле технологиясының көмегімен күріштің жаңа сорты алынды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/iondy-saule-tehnologiyasynyn-komegimen-kurishtin-jana-sorty-alyndy-14553/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат