Жаңа буын тікұшағының артықшылықтары (фото+видео)
Жаңа буын тікұшағының артықшылықтары (фото+видео)
2 жыл бұрын 2263 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Hill Helicopters компаниясының негізін қалаушы HX50 жаңа буынды тікұшақ туралы айтып берді. Бұл жайында islam.kz порталы newatlas.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ол екі контактілі құбыр білікті қозғалтқышпен жабдықталған. Hill Helicopters компаниясының негізін қалаған әрі бас директоры Джейсон Хилл Pilot Yellow ақпарат көзіне берген сұхбатында айтып өткендей, бұл ұшу аппаратын құрастыру үшін осы заманғы ультра технология қолданған. Бұл өз кезегінде отынды үнемдеуге, пайдалану мерзімін ұзартуға мүмкіндік бермек. Оның бір күндегі қуаты 400 аттың күшіне тең, ал апатты жағдайда 30 секунд ішінде 500 аттың күшін «бөле алады». Салыстыру үшін алсақ, Robinson R66 тікұшағы 224 ат күші бар Rolls-Royce RR300 қозғалтқышымен жабдықталған. Оның қозғалтқышты, сондай-ақ, әрбір 2000 сағат жұмыс істеген сайын күрделі жөндеуді қажет етеді. Hill Helicopters компаниясының қожайыны жаңа тікұшақтағы GT50 қозғлтқышы 5000 сағатқа дейін күрделі жөндеуді қажет етпей жұмыс істей береді. Оның қозғалтқышы толықтай электроникамен басқарылатындықтан оны оталдыру мен тоқтату процедурасы толық автоматтандырылған. Кабинасы бес адамға шақталған тікұшақтың  үш қалақшалы жоғарғы роторы және жабық құйрық роторы бар. Ол сағатына 260 шақырымды артқа тастайды, ұшу қашықтығы – 1296 шақырым, ал өзімен бірге 798 келі салмаққа дейінгі жүкті алып жүре алады.

Осы тікұшақ үшін GT50 құбырбілікті қозғалтқыш басынан бастап, яғни, нөлден әдейі арналып жасалды. Фото: Hill Helicopters

Hill's digital cockpit looks amazing

Enormous windows will make this a wonderful machine to look out of

  

0 пікір
Мұрағат