Инженерлер суды нанобөлшектері бар целлюлоза губкасымен тазарту әдісін ойлап тапты
Инженерлер суды нанобөлшектері бар целлюлоза губкасымен тазарту әдісін ойлап тапты
11 ай бұрын 948 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Америкалық инженерлер металл оксидінің нанобөлшектері бар целлюлоза губкасына негізделген су сүзгілерін жасады. Олар сұйықтықтан қорғасынның шамалы із де қалдырмады. Бұл жайында islam.kz порталы ACS EST Water мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Целлюлоза губкасы кеуекті болуына байланысты суды тазартуға қабілетті. Ғалымдар бұл губкаға металл оксидінің нанобөлшектерін енгізу арқылы су тазарту қабілетін жетілдірді. Қолданылатын материалдар концентрациясы 1-ден 100 ppm-ге дейінгі ерітіндіден қорғасынды сорбциялау қабілетіне байланысты сынақтан өткізілді. Бұл тараптағы сынақ нәтижесінде олардың арасында мырыш оксидінің нанобөлшектерінің және марганецпен темір оксиді бар композиттердің тиімді болатыны анықталды. Губкаларда сорбцияланған қорғасынды қалпына келтіруге болады. Мұны істеу үшін губканы қышқыл сулы ерітіндіге салсаңыз, жетіп жатыр.

Ұқсас материалдар:

«Суды қауіпті заттардан тазартудың арзан әрі тиімді әдісі пайда болды» (https://www.islam.kz/kk/news/gylym/sudy-qauipti-zattardan-tazartudyn-arzan-ari-tiimdi-adisi-paida-boldy-18648/#gsc.tab=0);

«Магниттердің көмегімен су жарты минутта «мәңгілік химиялық заттардан» тазартылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/magnitterdin-komegimen-su-jarty-minutta-mangilik-himiyalyq-zattardan-tazartyldy-video-18073/#gsc.tab=0);

«Суды «мәңгі химикттардан» тазарту тәсілі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/sudy-mangi-himikttardan-tazartu-tasili-tabyldy-16835/#gsc.tab=0);

«Әлем бойынша жауын суындағы химикаттар шектен тыс көбейіп кеткен» (https://islam.kz/kk/news/arturli/alem-boiynsha-jauyn-suyndagy-himikattar-shekten-tys-kobeiip-ketken-17233/#gsc.tab=0);

«Суды «суықтай қайнату» әдісімен тазарту» (https://islam.kz/kk/news/gylym/sudy-suyqtai-qainatu-adisimen-tazartu-15003/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат