Ғылым тарихында тұңғыш рет: қатты денеге айналу нүктесінен төменгі температурада зат еріді
Ғылым тарихында тұңғыш рет: қатты денеге айналу нүктесінен төменгі температурада зат еріді
4 жыл бұрын 2550 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Төменгі температурада мұздың көз еруін елестете аласыз ба? Ғылым тарихында тұңғыш рет қатты денеге айналу нүктесінен төменгі температурада затты еріту жүзеге асырылды. Бұл жайында islam.kz порталы бұл тараптағы зерттеу материалы жарияланған Nature Communications мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Шын мәнінде қату нүктесінен төменгі температураға дейінгі сұйықтықты суытып, оны сұйық күйінде қалдыру оңай. Таяуда бұл бағытта арнайы тәжірибе жүргізген ғалымдар қатты висмутты (химиялық элемент – күміс-қызыл түсті нәзік металл) қату нүктесінен төменгі деңгейде суытылған сұйықтыққа айналдыра алды. Висмут Цельсия бойынша 271 градсутық температурада балқитынын айта кету керек. Химияны еске түсірейікші: балқу нүктесі температура мен қысым комбинациясынан тұрады – қатты зат сұйықтыққа айналады. Алайда, кей материалдарды температураны көтермей-ақ, қысымды төмендету арқылы балқытуға болады. Міне, ғалымдар осыны жүзеге асырды. Ғалымдар  висмутты Цельсия бойынша 215 градус температурада үлкен қысыммен ұстап, содан соң оны баяу декомпрессияға ұшыратады, яғни, қысымды біртіндеп төмендетеді. Нәтижесінде висмут балқи бастаған, дәлірегі, метатұрақты сұйықтыққа айналған. Осы орайда оқырманға түсінікті болуы үшін метатұрақты сұйықтық терминін талдай кетпекпіз; метатұрақты сұйықтық кәдімгі сұйықтықтан былайша айрықшаланады: кәдімгі сұйықтықты араластыруға, сапыруға, т.б. болады, осындай әрекеттерден кейін де ол сұйықтық күйінде қалады, яғни, өзгермейді, ал метатұрақты сұйықтық физикалық заңдылықтарға бағына бермейді – кез келген сыртқы әсер оны қайтадан қатты затқа айналдырып жібереді. Ғалымдардың бұл зерттеуі өз кезегінде бұрын-соңды болмаған тәсілмен кристалдана алатын материалдың жаң түрін шығаруға мүмкіндік бермек. Ал бұл жайт өз кезегінде өндіріс пен түрлі салада үлкен өзгерістерге бастайтын жаңалықтардың ашылуына, қолданылуына түрткі болмақ.

0 пікір
Мұрағат