Ғалымдар трансплантацияланатын ағзаларды сақтаудың жаңа әдісін ойлап тапты
Ғалымдар трансплантацияланатын ағзаларды сақтаудың жаңа әдісін ойлап тапты
1 ай бұрын 976 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар тіндерді секундына 100 градус жылдамдықпен салқындата алатын құрылғы ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы Langmuir мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Израил ғалымдары антифриз ақуызын қолдануға негізделген трансплантация үшін ағзаларды сақтаудың революциялық әдісін ойлап тапты. Идо Браславский есімді профессор басқаратын Құдыстағы Еврей университетінің ғалымдар тобы ағзаларды мұздату арқылы сақтау саласында елеулі жетістіктерге жетті - ағзаларды сақтау мерзімін едәуір ұзартуға мүмкіндік беретін жаңалық ашуға қол жеткізген. Науқастар тарапынан донорлық ағзаларға мұқтаждық деңгейін төмендету мен донорлық ағзалардың тапшылығы әлі күнге дейін шешімін таппады.  Осындай тығырықтың кесірінен қажетті донорлық ағзаға қол жеткізе алмай бақилық болып жатады. Тіпті, донорлық ағза табылған күннің өзінде сақтау мерзімінің аздығынан немесе тиімсіздігінен жарамсыз күйге түсіп жатады. Жыл сайын адам өмірін сақтап қала алатын мыңдаған ағзалар мұздату кезінде зақымданып жатады. Бұған мұздың кристалдануы процесі кезінде донорлық ағзалардың жасушалық құрылымдарының бұзылуы себеп болып жатады. Израил ғалымдарының зерттеу жұмысы осы олқылықты шешуге бағытталған. Олар, тіпті, өте төмен температураның өзінде мұздың пайда болуына жол бермейтін балық пен ұнның қатерінен табылған антифризді ақуыздарды пайдаланды. Осылайша ғалымдар тіндерді секундына 100 градус жылдамдықпен салқындата алатын құрылғы ойлап тапты. Бұл антифриз ақуыздары -80 градус Целсиден төмен температурада мұздың кристалдануын сәтті тежеді.

Ұқсас материал:

"Донор жүрегін сақтау мерзімін ұзартатын әдіс табылды" (https://islam.kz/kk/news/arturli/donor-juregin-saqtau-merzimin-uzartatyn-adis-tabyldy-18922/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат