Ғалымдар мысыққа аллергиясы бар адамдар үшін екпе жасады
Ғалымдар мысыққа аллергиясы бар адамдар үшін екпе жасады
1 жыл бұрын 954 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Сеченов университетінің ғалымдары Вена медициналық университетімен бірлесіп мысық аллергиясына қарсы вакцина жасауда. Ол алдын ала зерттеулерден сәтті өтті және клиникалық сынақтарға дайын. Бұл жайында islam.kz порталы knife.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Клиникалық иммунология және аллергология кафедрасының меңгерушісі Александр Караулов келесі кезекте аталмыш екпенің организмге кері әсерінің барын немесе жоғын анықтау үшін клиникалық әрі токсикологиялық (улылық деңгейіне) сынақ жүргізілетінін жеткізді. Зерттеушілер дәрінің барлық мысық аллергендеріне қарсы қауіпсіз және тиімді, деп санайды. Клиникалық сынақтар 2023 және 2024 жылдары өтеді, содан кейін екпені тіркеуге болады. Әлемдегі ересектердің кем дегенде 30%-ның мысықтарға аллергиясы бар екені айтылған хабарламада.

0 пікір
Мұрағат