Ғалымдар жаңа элементті ашуға дайындалуда
Ғалымдар жаңа элементті ашуға дайындалуда
16 күн бұрын 449 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Jason Lee / Reuters

Швециядағы Лунд университетінің ғалымдары құрамында 116 протон бар ливермори элементін бақылаудың тың әдісін сәтті сынақтан өткізіп, жаңа элементтерді іздеуде маңызды қадам жасады. Бұл жайында islam.kz порталы «Special Review Letters» мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы зерттеу 120 элементін шығарудың мүмкіндігін ашады - осы бүгінгі күнге дейін ең ауыр элемент болғалы тұр. Бұл тараптағы дайындықтың негізгі мақсаты аса ауыр элементтердің тұрақтылық аралының теориясы шеңберінде атом ядроларының тұрақтылық шегін зерттеуге саяды. Зерттеушілер ядролық физикада айтарлықтай жетістіктерге әкелуі мүмкін бірнеше секундтан ұзаққа созылатын тұрақты болатын элементті ашуды мақсат етеді. Тәжірибе Америка құрама штаттарындағы Беркли зертханасында жүргізілді: онда ураннан ауыр элементтің жұқа қабатынан тұратын нысанаға қарқынды ион сәулесінің жеткізілуі үшін үдеткіш қолданылды. Ливермори элемент тәжірибе басталғаннан кейін небәрі сегіз күн өткен соң детекторда тіркелді. Аталған элементке қатысты тәжірибе жыл соңына дейін жалғасады, ал зерттеушілер қажетті жұмыстар аяқталғаннан кейін No120 элементті алуды көздеп отыр. Бұл процесс бірнеше жылға созылуы мүмкін, дегенмен, 120 элементтің ашылуы аса ауыр элементтер химиясын түсінуге елеулі мүмкіндік бермек.

Ұқсас материалдар:

Жаңа химиялық элемент алудың жолы табылды

Килонова жарылысынан кейін сирек химиялық элемент табылды

Химиялық элементтердің әлемде Үлкен жарылыстан кейін пайда болғаны анықталды

0 пікір
Мұрағат