Ғалымдар ДНҚ бойынша қылмыскердің түр-тұлғасын анықтауды үйренді
Ғалымдар ДНҚ бойынша қылмыскердің түр-тұлғасын анықтауды үйренді
3 жыл бұрын 1789 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Австралияның федералды полициясы (AFP) алдағы уақытта қылмыс болған жерден табылған ДНҚ негізінде күдіктінің кескін-келбетін анықтаудың жолын тапты. Бұл жайында islam.kz порталы Tengrinews.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Массивті-параллелді секвенирлеу (MPS) ретінде белгілі жаңа технология қылмыс орын алған жерде табылған ДНҚ негізінде қылмыскердің сыртқы бет-бейнесінің белгілерін болжауға мүмкіндік береді. Бұл жаңалық өз кезегінде із кесушілер мен тергеушілердің жұмысын мейлінше жеңілдетеді, ең бастысы – қылмыскердің жазадан жалтармауына көмектеседі. Дәлірегі, қылмыскердің жынысы, биогеографиялық тегі, көзінің және шашының түсін анықтауға мүмкіндік бермек. AFP бұл тәсілді сот-медициналық сараптамада пайдалану үшін MPS технологиясының дәлдігін сынақтан өткізіп, тексеріп көрді. MPS технологиясы қылмыс орнынан табылған ДНҚ-ның нуклеотидтік негізінің тізбектілігін зерттеуге негізделген. AFP Forensics аға ғылыми қызметкері әрі Канберра университетінің адъюнкт-профессорі Пол Роффи аталмыш технологияның - MPS мүмкіндіктері кеңейтіліп, одан ары жетілдірілетінін жеткізді. Дәлірегі, ДНҚ арқылы қылмыскердің тек жынысы мен шашының немесе көзінің түсін анықтап қоймай, сонымен қатар, оның дене салмағын, бойының ұзындығын, жасын анықтайтындай етіп жетілдіруді көздеп отыр. Ол ол ма, екі көзінің арасындағы арақашықтықты, мұрын мен құлақ пішінін, соның ішінде көз пішінін (сығыр көз бе, бадырайған көз бе, т.б.) ерін қалыңдығын, маңдайының құрылымын, т.б. генетикалық деректер арқылы анықтауға күш салатындарын мәлімдеді. Бұл технология, сондай-ақ, ұшты-күйлі немесе із-түссіз жоғалған адамдарды іздеу, жүзінен тану мүмкін емес мәйіттердің кім екенін тану үшін де қолданылатын болады. AFP ғалымдары бұл тарапта топырақ, шаң-тозаң және су профилін анықтау үшін сот-медициналық құрал ретінде қоршаған ортаның ДНҚ анализі (eDNA) үшін MPS мүмкіндіктері әзірленеді, бұдан бөлек, е\сірткіге қатысты тергеуде пайдаланылады.

Ұқсас материал: 

"Адам мен тіршілік иелеріне жанаспай-ақ, ауа арқылы олардың ДНҚ-сын анықтайтын технология пайда болды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/adam-men-tirshilik-ielerine-janaspai-aq-aua-arqyly-olardyn-dnq-syn-anyqtaityn-tehnologiya-paida-boldy-video-15082/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат