Ғалымдар аз ұйықтаудың амалын тапты - организмнің ұйқыға қажеттілігі қысқарды
Ғалымдар аз ұйықтаудың амалын тапты - организмнің ұйқыға қажеттілігі қысқарды
3 жыл бұрын 3805 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Галымдар гранулярлы жасушалардың (мидың кіші нейрондарының бірнеше түрі, яғни, түйіршікті жасушалар) белсенділігін басып тастау арқылы тәжірибедегі тышқандардың ояу жүретін уақытын ұзарта алды. Дәлірегі, түйіршікті жасушалардың - диаметрі шамамен он микрометрлік нейрондардың - кеміргіштердің тісті гирусының өшуі олардың ояу кезеңін ұзартуға мүмкіндік берді. Бұдан соң тағы ұйықтап, «шала» ұйықының орнын толтыруға талпыныс жасамаған, яғни, әдеттегіден бірнеше сағатқа аз ұйықтаса да ұйқысы қанып, сергек қалпынан танбаған. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature Neuroscience мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ми қыртысықалыңдығы 1,3-4,5 миллиметр болатын сұр зат қабаты ми жарты шарының шетін жауып тұрады – ми жарты шары көлемінің шамамен 80 пайызын құрайды. Ол көптеген маңызды функцияларды, атап айтқанда, ойлау, көрген-білгенін қабылдау, тілдесу, назар аудару, жады секілді атқарады. Бұл бағытта Оксфорд университетінің (Ұлыбритания) арнайы жүргізген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, ми қыртысындағы процесс бұл айтылғандардын бөлек ұйқы мен ояу халді де бақылайды. Бұл тарапта физиологтер, нейробиологтер және генетиктер зертханадағы кеміргіштің ми белсенділігін (адамға ұқсас келеді) зерделеген екен. Ғалымар бес кеміргіштің SNAP25 мембраналық ақуызын алып тастау арқылы гиппокампаның ойығына терең орналасқан және таспалық гирусқа өтетін пирамидалық және архикортикалды түйіршікті жасушалардың - ұсақ нейрондардың жиынтығын өшіруге шешім қабылдады. Нейрондардың белсенділігі басылғанда тәжірибедегі кеміргіштер әдеттегіден үш сағат артық ояу жүрген. Орташа есеппен алғанда, тышқандар екі жыл өмір сүреді, осылайша үш ай артық ояу жүретін болады. Ал бұл көрсеткішті адамға шаққанда он жылға татиды екен. Өздеріңіз де білесіздер, адам ұйқысы қанбаса, тірлігінің берекесі болмайды әрі денсаулығының сыр беру қатері артады, яғни, иммунитеті әлсіреп, түрлі ауруларға соның ішінде инфекциялық ауруларға шалдығу қаупі күшейеді. Ал мына зерттеу мен тәжірибе барысында көз жеткізілгендей, тышқандардың әдеттегіден үш сағатқа кем ұйықтауы олардың денсаулығына кері әсерін тигізбеген, дәлірегі, биологиялық ырғағын бұзбаған. Бұл жаңалық несімен маңызды немесе құнды? Бүгінгі таңда жанталасып өмір сүру, қарбалас тірліктің соңында сабылған адамдардың арасында түрлі стрестен, күйзелістен ұйқысыздық дерті жайлап барады. Бұл жаңалық ұйқы режимін қалпына келтіруге көмектеседі.

0 пікір
Мұрағат