Гаджетті (смартфон, ноутбук, т.б.) 30 метр қашықтан лазермен қуаттау технологиясы пайда болды
Гаджетті (смартфон, ноутбук, т.б.) 30 метр қашықтан лазермен қуаттау технологиясы пайда болды
2 жыл бұрын 1550 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Осы технологияны ойлап тапқан ғалымдардың айтуынша, бұл мақсата қолданылатын сәуленің денсаулыққа кері әсері болмайды әрі көз бен теріні зақымдамайды. Бұл жайында islam.kz порталы optica.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оңтүстік Кореядағы Седжон университетінің ғалымдары девайс сымсыз, лазермен қуаттау технологиясын жұртшылық назарына ұсынды. Қуаттау инфрақызыл сәуле есебінен жүреді. Аталмыш жүйе құрылғыны 30 метр қашықтан 400 мВт қуатпен қуаттай алады. Ғалымдар бұл бағыттағы технология мұндай жетістікпен шектелмейтінін алға тартып отыр. Болашақта қоғамдық орындарды көп арналы лазерлі қондырғылар орналастырылады, осылайша қолыңыздағы телефонның қуаты таусылып қалады деп алаңдамайсыз. Қазіргі уақытта ғалымдар сәулемен қуаттау технологиясының әлеуетін арттыру бағытығында жұмыс істеп жатыр – қуатау қашықтығы қысқарады. Мұндай қуаттау тәсіліне гаджетте орналастырылатын арнайы датчик шығарылуы тиіс. Сигналды аулайтын осы датчикті құрылғысына орналастырғандар ғана аталған технологияның игілігін көреді. Қуаттау процесінде толқын ұзындығы 1550 нм-нен аспайтын сәулелер қолданылады - бұл диапазон адам денсаулығына қауіп төндірмейді. Сонымен қатар, жүйе сәуленің жолында кедергілерді анықтаған кезде эмитент энергияны үнемдеу режиміне ауысады. Корейлік инженерлер жүйенің прототипін жасап қойған. Сәулені сіңіретін сенсордың өлшемі 10 × 10 мм болып шықты (оны смартфондарға оңай біріктіруге болады).

Новое устройство заряжает телефоны бесконтактно при помощи ИК-лучей

Аутбридтік қуаттаудың бірінші прототипі осылай көрінеді. Жүйе оптикалық сигналды фотоэлектрлік элемент арқылы электр энергиясына түрлендіретін ретрорефлекторы бар қабылдағыштан тұрады. Фото: optica.org

0 пікір
Мұрағат